Қарақия ауданы бойынша 2024 жылдың қорытындысы негізінде 47 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетіліп, жалпы саны 7425 қызмет атқарылды. Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және қолжетімділігін кеңейту мақсатында қызмет көрсету бірнеше арна арқылы жүзеге асырылды:
- Мемлекеттік органдар арқылы – 7 қызмет түрі бойынша 333 қызмет көрсетілді.
- «Азаматтарға арналған үкімет»мемлекеттік корпорациясы арқылы 16 қызмет түрі, барлығы 1430 қызмет орындалды.
- Электрондық үкімет порталы (eGov.kz) арқылы – 37 қызмет түрі, жалпы саны 5662 қызмет көрсетілді.
Жыл бойы мемлекеттік қызметтерді цифрландыру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып, халықтың электронды қызметтерге қолжетімділігін арттыруға ерекше назар аударылды. Нәтижесінде, тұрғындардың басым бөлігі мемлекеттік қызметтерді онлайн түрде алуды таңдады, бұл өз кезегінде уақыт үнемдеуге және қызмет көрсету сапасын жақсартуға септігін тигізді.
Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі