ҚАРАҚИЯ АУДАНЫНДА БІРЛЕСКЕН МОНИТОРИНГ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Қарақия ауданы әкімі аппараты «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мониторингі және цифрландыруды дамыту бөлімшесі» мен Қарақия аудандық адалдық алаңының қызметкерлері бірлесіп  өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштары мен мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы жағдай жасалуы бойынша мониторинг жүргізді.

Мониторинг аудандық бөлімдерді, ауданға қарасты барлық ауылдарды, мектептер мен балабақшаларды қамтыды. Тексеріс барысында өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштарының стандарт талаптарына сай орналастырылғаны және интернет желісіне қосылу мүмкіндігі, компъютерлік көшіріп басу жағдайларының үйлестірілгені анықталды.

Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы жағдайлар жасалуы тұрғысынан ұсыныстар мен анықталған кемшіліктерді жою бойынша бірқатар тапсырмалар берілді.

Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Дата публикации
27 октября 2020