Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссиясының төрағасымен «Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссияның 2024 жылға арналған жоспары» 13.01.2024 жылы бекітілген болатын.
2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша барлығы 27 комиссия отырысы өткізіліп, күн тәртібінде 53 мәселе қаралды.
Оның ішінде, комиссия отырысында жоспарға сәйкес – 48, аудандық полиция бөлімінің ұсынысы бойынша – 4 мәселе, облыстық санаторлық мектеп интернатының ұсынысы бойынша – 1 мәселе қаралды.
Комиссия шешімі бойынша облыстық уақытша бейімдеу орталығына – 1 оқушыны орналастыруға,Ақтау қалалық кешкі аусымды мектепке - 1, мектеп интернатына -1 оқушыны жолдауға, Мұнайшы ауылының тұрғыны кәмелет жасқа толмаған балаларына жауасыз қараған ата-ана аудандық полиция бөліміне тіркеу алынып, жұмысқа орналастыру бойынша, білім беру ұйымдарында санитарлық талаптарға сай келмеген олқылықтарды жоюға жауапты органдарға хаттамалық тапсырмалар берілді. Сонымен қатар, кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу және оларға білім беру, олардың құқықтарын және мүдделерін қорғау жөніндегі, сондай-ақ оларға күтім жасау міндеттерін орындамағаны үшін Құланды ауылының тұрғынына айыппұл салынып, желтоқсан айының отырысында Құрық ауылының тұрғыны балаларға салғырт қарағаны үшін, ата-ана құқығынан айыру туралы хаттамалық тапсырма беріліп, қазіргі таңда сотқа құжаттарды рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде.