Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша ақпарлама

    2024 жылы Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа ауданда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлық деңгейін анықтау бағытында бағытында жұмыстар жүргізу үшін «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында 3 млн  теңге көлемінде конкурс жарияланып, конкурсқа  "Ой-сана" психологтер қоғамдық бірлестігі қоғамдық қоры қатысып, 2 млн 410 мың 714  теңгеге жеңіп алды.                     

Жоба аясында жасалған жұмыстар:

  1. Әлеуметтік жобаны іске асыру барысында «Қарақия» қоғамдық-саяси газетіне және Қарақия ауданы әкімдігінің ресми сайтына «Адал қоғамды салауатты жастар құрады», «Сыбайластыққа жол берме!», «Жастар табысқа жетудің адал жолын таңдауы керек!», «Адалдық ақ халаттылардан басталсын»  атты тақырыптарда 4 мақала жарияланды.
  2. Қарақия ауданының тұрғындарына сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы түрлі сұрақтар қамтылған онлайн сауалнама жүргізілді.
  3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тақырыбында ауданға қарасты мекемелерде 8 кездесу өткізілді.
  4. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға жетелейтін түрлі таратпа материалдар кездесу барысында таратылды.
  5. "Ой-сана" психологтер қоғамдық бірлестігігің ұйымдастыруымен Қарақия кәсіптік колледжінде студент жастар арасында "Жастар - сыбайлас жемқорлыққа қарсы!” тақырыбында пікірсайыс ұйымдастырылды.
  6. “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру” жобасы аясында "Ой-сана" психологтер қоғамдық бірлестігі Қарақия кәсіптік колледжінде студент жастар арасында QUIZ интеллектуалды ойынын ұйымдастырды. QUIZ интеллектуалды ойынын Астана қаласынан шақырылған интеллектуалды ойындар мен тренингтер жүргізудің маманы - Нұрлан Азаматов өткізді. Ойын барысында студенттер адалдық, шынайылық, мәдениет тақырыптары қамтылған дүниетанымдық сұрақтардың жауабын топтарда бірлесе іздестірді. Сонымен қатар, жастарға жобаның арнайы дайындалған ақпараттық бетшелері таратылып, сауалнамалар жүргізілді. Ойын қорытындысы бойынша студенттер арнайы сыйлықтармен марапатталды.
  7. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру" жобасы аясында 2 бейнеролик дайындалып, әлеуметтік желіге салынды.
  8. Тақырыпқа қатысты 7 сыртқы көрнекілік құралдары дайындалып, белгіленген орындарға ілінді
  9. Мектеп оқушыларына «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында сурет байқауы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және жемқорлықтың зардабын білу мақсатында мектеп оқушылары арасында эссе байқауы өткізілді.

       Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «Терроризмге, діни  экстремизмге және деструктивтік діни ағымдарға қарсы түсінік жұмыстарын ұйымдастыру»  тақырыбында  2 млн 500 мың теңге көлеміне конкурс жарияланды. Конкурс нәтижесі бойынша "Sapsan" стратегиялық орталығы" жекеменшік мекемесі 2 млн 199 мың 996 теңгеге жеңіп алды.              Жоба аясында жасалған жұмыстар:

  1. Терроризмнің, экстремизмнің және деструктивті діни ағымдардың таралуының алдын алу мақсатында ҚР заңнамасына сәйкес «Миссионерлік қызмет және діни іс-шаралар, ғибадат ету, діни ғұрыптар, рәсімдер жасау» және «ҚР территориясында тыйым салынған террористік және экстремистік ұйымдар: тізімі және оның белгілері» тақырыбында 2000 ақпараттық бетшелер  дайындалып, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары барысында аудан тұрғындарына таратылды.
  2. Аудан тұрғындарын, аудан жастарын имандылыққа тәрбиелейтін, рухани тазалықты сақтауға негіз бола алатын мақалалар  газет және интернет-ресурстарда жарияланды. Атап айтқанда,  «Қарақия» аудандық қоғамдық-саяси газетіне және Қарақия ауданы әкімінің аппараты ресми сайтына  «Діни экстремизмнің қоғамға қауіпі»,  «Діни ағым жарға шығады», «Әлеуметтік желілерде діни білім мен ақпарат алудың зияны»,  «Қазақстандағы зайырлылық негіздері» атты тақырыптарда барлығы 4 мақала жарияланды.     
  3. Терроризмнің, экстремизмнің және деструктивті діни ағымдардың таралуының алдын алу мақсатында «Жастарға діни бағыт берудің маңызы», «Діни экстремизмнің қауіпі» тақырыптарында арнайы 8 бейнеролик дайындалып, әлеуметтік желілерде таратылды. Сонымен қатар, танымал жергілікті интернет-ресурстарына да салынды. Қаралым саны – 2000.
  4. Тақырыпқа қатысты 3 сыртқы көрнекілік құралдары белгіленген орындарға ілінді.
  5. Жоба барысында аудан көлемінде тұрғындармен 10 рет кездесу өткізілді. Атап айтсақ, Құрық, Бостан, Құланды, Сенек ауылдарының жалпы білім беретін мектептерінде «Теріс діни ағымдардың белгілері және оның алдын алу шаралары»  тақырыбында, Жетібай, Мұнайшы ауылының тұрғындарына  «Ұлттық құндылық - тәрбие өзегі» тақырыбында, сонымен қатар «Жетібаймұнайгаз» мекемесіндегі мұнайшыларға діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесулерде білікті теолог маман, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің түлегі Нұрбол Сейлханов дәріс жүргізіп, толыққанды ақпараттармен бөлісті.         

         Кездесулер барысында  аудан тұрғындарына, мектеп оқушыларына діни экстремизм ұғымы, діни экстремизмнің анықтамасы мен оның қазіргі қоғамдағы көріністері түсіндірілді. Жастардың діни радикал топтардың ықпалына түсу себептері мен тәуекелдері талданды. Діни экстремизмнен сақтану жолдары, оның ішінде алдын алу бойынша заңнамалық негіздер, жергілікті органдардың көмегі және қоғамдағы әрбір азаматтың рөлі талқыланды.

Дата публикации
23 января 2025