Қарақия ауданының мәслихаты «Қарақия аудандық Қоғамдық кеңесінің құрамын бекіту туралы» шешімімен Қоғамдық кеңесті құру жөніндегі Жұмыс тобымен таңдалған Қарақия ауданының Қоғамдық кеңесінің құрамы бекітілді.
Қоғамдық кеңес - Республикалық және жергілікті деңгейде талқылаулар мен шешімдер қабылдау кезінде қоғамдық пікірді ескеріп, ел ішіндегі проблемаларды қозғап, азаматтық қоғамның мүдделерін білдіретін Ұлт жоспарына қажетті маңызды институт. Елімізде азаматтық белсенділікті жандандыру, мемлекет пен қоғамның саналы серіктестігіне жол ашу мақсатында Қоғамдық кеңестер құрылған болатын. Қоғамдық кеңес - мемлекет қабылдайтын шешімдердің жариялы, ашық болуын қамтамасыз ететін консультативтік-кеңесші, әрі бақылаушы орган. Қарақия ауданының Қоғамдық кеңесі Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына сәйкес қызмет атқарады.
2022 жылдың ақпан айында құрылған аудандық Қоғамдық кеңестің өкілеттік мерзімі аяқталуына байланысты аудандық мәслихат 2023 жылы 10 желтоқсанда Қарақия аудандық қоғамдық кеңесінің жаңа құрамын қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобын құру бойынша жұмыстарын бастады.
Жұмыс тобы 6 (алты) адамнан құрылды. Оның үштен бірі мемлекеттік органдардан, үштен екісі коммерциялық емес ұйым мен азаматтық қоғам өкілдері.
2024 жылы 23 желтоқсанда Қоғамдық кеңес мүшелігіне үміткерлерді ұсыну туралы аудандық мәслихаттың электрондық сайты арқылы хабарландыру берілді және әлеуметтік желі арқылы қайталанды.
Жұмыс тобы 2024 жылдың 13 қаңтарында Қарақия ауданының Қоғамдық кеңесінің құрамын талқылау, кандидаттармен әңгімелесу және ашық дауыс беру қорытындысы бойынша 13 азаматтан тұратын Қоғамдық кеңестің жаңа құрамы сайланып, аудандық мәслихат төрағасына бекітуге ұсынды.
Құрам жұмыс жасауға толық қабілетті.