2024 жыл бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету бойынша талдамалық анықтама

         Қарақия ауданы әкімдігі, ҚР ЦДИАӨ министрінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы №39н/қ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес, қызметтерді көрсетеді.

         Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау бойынша жүргізілген ішкі бақылау жұмыстары

         Қарақия ауданы әкімінің «2024 жылға арналған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасының және Қазақстан Республикасының өзге заңнамасының сақталуы бойынша Ішкі мемлекеттік бақылау іс-шараларының жоспарын бекіту туралы» 2023 жылғы 15 желтоқсандағы №175 өкімімен бекітілген жоспарына сәйкес, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына жүргізілген ішкі бақылаудың нәтижесі бойынша, 2024 жыл             бойынша  жүргізілген бақылау объектілерінің саны – 6 («Құрық ауылы әкімінің аппараты»ММ, «Қарақия аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі»ММ, «Мұнайшы ауылы әкімінің аппараты», «Қарақия аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі»ММ,  «Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі» ММ, «Жетібай ауылы әкімі аппараты» ММ).

         Анықталған бұзушылықтардың саны – 42:

        - мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың өзге де талаптарының бұзылу фактілері -7;

        - көрсетілетін қызметті берушімен жұмыс мерзімін сақтау  -8;

        - көрсетілетін қызметті берушімен мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін сақтау -10;

        - көрсетілетін қызметті алушылардан артық құжаттарды талап ету-11;

        - құжаттар топтамасы толық болмағанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге жол бермеу-5;

         -мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мерзімдерін сақтау-1.

         Бақылау іс-шара қорытындысы бойынша әзірленген ұсыныстардың саны -19 (орындалғаны-14).

        «Қарақия аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік      мекемесіне тамыз айында жүргізілген ішкі бақылау бойынша:

         Есептілікке тамыз айында  өткізілген  ішкі бақылау ұсынымдардың саны -5, есептің 7 пунктіне енгізілді, ұсыныстардың қыркүйек айында орындалуына байланысты  есептің 7.1 пунктіне орындалды деп енгізілмеді.

         Ішкі бақылау барысында аталған кемшіліктерге жол берген қызметкерге ағымдағы жылдың қыркүйек айында (аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылыс бөлімінің басшысы) «ескерту» түріндегі-1 тәртіптік шара қолданылды (қосымша құжаттары жолданды).

         Есептің 5, 5.1, 6, 6.2 пункттеріне енгізілді.              

        Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру

        Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру мақсатында «Маңғыстау облысындағы ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның филиалына дәрістерге жіберіледі. 2024 жыл ішінде  өткізілген  семинарға 22 мемлекеттік қызметші   оқу курсынан өтті.

       2024 жыл бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша

       Қарақия ауданында көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны барлығы 7425 мемлекеттік қызметтер көрсетілді, оның ішінде:

      1) 8.1-көрсетілетін қызметті берушілермен кеңсе арқылы (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 18;

      2) 8.2- мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді "электрондық үкімет" веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен баламалы негізде кеңсе арқылы қағаз түрінде көрсетілгендер саны – 315;

     3) 8.2-мемлекеттік корпорация  арқылы көрсетілген қызметтің саны – 1430;

    4) 8.3-көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде ("электроннық үкімет" веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 5662;

    5) 8.4-көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және өтінімді ақпараттық жүйеге қолмен енгізу арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы ("электроннық үкімет" веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 0;

    Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту саны – 1773; (қағаз түрінде -126, электрондық түрде -1647).

          Қарақия ауданында 2024 жыл бойынша барлығы 47 қызмет түрінен (7425) қызмет көрсетілді, оның ішінде:

         - мемлекеттік органмен- 7 қызмет түрі бойынша (333);                              

       - мемлекеттік корпорация -16 түрі бойынша (1430)

        -электронды портал арқылы 37 түрі бойынша (5662) қызмет  көрсетілді.    

         Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша мерзім бұзушылықтар, шағымдар

         Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге 2024 жыл бойынша Қарақия ауданы әкімдігіне тікелей келіп түскен  шағымдар болған жоқ.

         Анықталған мерзім бұзушылық-3.

          Қарақия аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінде қыркүйек айы бойынша -1 мерзім бұзушылық анықталды.

          Мерзім бұзушылыққа жол берген аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының міндетін атқарушы Губашева Данагүл Жұмағалиқызына «ескерту» түріндегі тәртіптік шарасы қолданылды (құжаттары жолданады).

          2024 жылдың шілде айы бойынша «Қарақия аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде - 1 мерзім бұзушылық фактісі анықталды.

          Қарақия ауданы әкімінің  03.09.2024 жылғы №115 өкімімен  Қарақия аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Қ.Аяпбергенге «ескерту» түріндегі тәртіптік шара қолданылды (құжаттары жолданады).

         «Құрық ауылы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде- ағымдағы жылдың қазан айында «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік қызметі бойынша                            1 мерзім бұзушылық фактісі анықталды.

         Құрық ауылының әкімі С.Есенгелдіұлына  аумақтық Департамент тарапынан әкімшілік айыппұл салынды.

         Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге жауапты мамандардың тәжірибе алмасуы

         Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша аудан, қала әкімдіктерімен жауапты мамандарының тәжірибе алмасуға жоспар бекітілді. 2024 жылдың шілде айына  арналған іс-шара жоспарына сәйкес, аудан, қала әкімдіктерінен 7 мемлекеттік қызметші тәжірибе алмасудан өтті. (қосымша жоспары жолданады)

        «Өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштары», «Сервистік әкімдік»

         Қарақия ауданы бойынша барлығы - 40 «өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштары» аудан, ауыл әкімдіктерінде, жергілікті атқарушы органдарда, білім беру ұйымдарында  орналасқан «Өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштары» арқылы 2024 жыл                         бойынша барлығы  1061 қызмет көрсетілген.

        «Сервистік әкімдік» арқылы аудан әкімі мен орынбасарлары тарапынан  878 азаматтың жеке сұрақтарына байланысты қабылдау жүргізілді.

        Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша бас тартулар

        2024 жыл бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша барлығы 1773 бас тарту, оның ішінде электронды түрде-1647, қағаз жүзінде-126.  

       Ең көп бас тарту:

       №390-«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау»-953;  Негізгі бас тартудың себептері: мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылық және материалдық көмек көрсету мемлекеттік қызметі бойынша ақпараттық жүйе болмауына байланысты АӘК ақпараттық жүйесі арқылы құжат тапсырып, АӘК бас тартып, отбасы кірісін есептетіп , ары карай мектепке анықтама тапсыру.

        №416- «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы беру»- 236;

        Негізгі бас тартудың себептері: Сұранысқа ие тапшы мамандар тізбесіне сәйкес келмеуі, өтініш берген күнінен бастап соңғы екі жылда келген маман жұмыс істейтін елді мекен қарайтын ауданда (облыстық маңызы бар қалада) маманның, оның жұбайының және балаларының тұрғын үйі бар болуы, бұрын берілген кредиттер бойынша өтелмеген мерзімі өткен берешегі жоқ.

        Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша жүргізілген түсіндіру шаралары

       Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын  арттыру мақсатында аудан тұрғындарына түсіндіру (барлығы 133, оның ішінде: түсіндіру шаралары–99, әлеуметтік желілерге жариялау – 6,   мақала – 0, тікелей эфир – 1, жәрмеңке – 4), аталған түсіндірме іс-шаралары бойынша қамтылған қызмет алушылардың саны – 1521.

Сілтемелер: https://www.facebook.com/share/p/Hi1k5dgk1hmq7cTw/? https://www.facebook.com/share/p/4YTCF8rNiaEnNaF5/? ,              https://www.instagram.com/p/DAVepQdsfRw/?igsh=dnl0ajh5YWZla2pv                  https://www.facebook.com/share/p/XxuqABMxzP8zBuVV/ https://www.facebook.com/share/p/4Lx88GvH5xtyFv6V/? https://www.instagram.com/p/DAVepQdsfRw/?igsh=dnl0ajh5YWZla2pv https://www.facebook.com/share/p/XxuqABMxzP8zBuVV/ https://www.facebook.com/share/p/daKBqN5RXTB96MrL/?mibextid=WC7FNe https://www.instagram.com/p/DAatWGascJa/?igsh=emhpYmQ5ZzAzcTNzhttps://www.facebook.com/share/p/1BEfm5avGq/?mibextid=wwXIfrhttps://www.facebook.com/share/p/u5woKVAVphs8uo17/? https://www.facebook.com/share/p/2QYuTtZBuWvhrhL/? https://www.facebook.com/share/p/dC91C35c35c1mfzhLfH/? https://www.facebook.com/share/p/SWvvvCjgwURpFLrF/? https://m.facebook.com/story.php?story/php?story_fbid02djatTcVGpVLpcpW2zH2nNEjSbXUz2HoY4ymBdEMXVCchyADErgudJmb5brRwk1el&id=100047303747519 https://www.facebook.com/share/p/yR672iK22sHK61Tp/?, https://wwwfacebook.com/share/rJFGGZIZnWDLhRg//?1https://www.facebook.com/share/v/B5hdnZX6ufA89Sj/?mibextid=WC7FNe, жәрмеңке https://www.facebook.com/share/p/yR672iK22sHK61Tp/?https://www.facebook.com/share/v/JiVgRvcNR4dMxb7h/? https://www.facebook.com/share/v/HIYGbMt8cNsmLpB/?https://www.facebook.com/share/ywML3cVMBhuk9Rki

https://www.instagram.com/p/DAVepQdsfRw/?igsh=dnl0ajh5YWZla2pv

https://www.facebook.com/share/p/XxuqABMxzP8zBuVV/                             https://www.facebook.com/share/p/daKBqN5RXTB96MrL/?mibextid=WC7FNe

https://www.instagram.com/p/DAatWGascJa/?igsh=emhpYmQ5ZzAzcTNz

https://www.facebook.com/share/p/1BEfm5avGq/?mibextid=wwXIfr

https://www.facebook.com/share/p/15YyydipvL/?mibextid=wwXIfr

https://www.facebook.com/share/p/15fbPN9JBb/?mibextid=wwXIfr

https://www.facebook.com/share/v/15fkiwVN9i/

 

Дата публикации
13 января 2025