Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында аудан тұрғындарына түсіндіру (барлығы 21, оның ішінде:түсіндіру шаралары–20, жәрмеңке-1).
Жетібай, Мұнайшы, Құланды, Сенек және Бостан ауылы әкімдіктерінде электрондық қызмет көрсету бойынша тұрғындардың қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы арқылы 2024 жылдың 4-тоқсанында әкімдік қызметкерлері “egov.kz” электронды порталы және «egov mobile», «halyk homebank», «Kaspi.kz» қосымшасы арқылы оңай және тез қызмет алу жолдары түсіндірілді. Қамтылған адам саны-125 (
Қарақия аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 24.12.2024 жылы «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, сондай-ақ пробация қызметінің есебіндегі адамдарды қайта әлеуметтендіру» жобасы аясында, Мансап орталығының тапсырысымен «Инабат-мейірім» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен спорттық шара өтті. 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған спорттық шара ҚР гимнімен ашылып, қатысушылар қол күресі, гір көтеру және арқан тартысы сайыстарынан бақ сынады. Қатысушылар арасында спортқа жаны құмар азаматтар ерекше көзге түсті. Жеңімпаздарға ақшалай сертификаттар мен жүлде (кубок) табысталды.
https://www.facebook.com/share/p/1BEfm5avGq/?mibextid=wwXIfr
Қарақия аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 12.12.2024 жылы Салауатты өмір салты» тақырыбында дәріс оқылды «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды,сондай-ақ пробация қызметінің есебіндегі адамдарды қайта әлеуметтендіру» жобасы аясында «Қарақия аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» бөлімі мемлекеттік мекемесінің тапсырысымен «Инабат-мейірім» ҚБ ұйымдастыруымен шара өтті. Жоспар бойынша «Салауатты өмір салты» тақырыбында дәріс оқылды. ҚР әрбір азаматы тегін мемлкеттік қызмет алу құқығы туралы ақпараттар беріліп, денсаулықтарын күту туралы ақпараттар айтылды. Кездесу соңында өмірлік тұрмыс жағдайы қиын деп танылған және де көпбалалы отбасыларға 20 000 теңгеден 10 отбасыға сертификаттар берілді. Жетібай ауылы тұрғындарына «Нұрберген» шағын маркетінен сертификат табысталды. Көмек алған барлық азаматтар алған азық-түлік ,киімдерін фотоесеп ретінде есеп жіберді.
https://www.facebook.com/share/p/15YyydipvL/?mibextid=wwXIfr
Қарақия аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 04.12.2024 жылы “Әлеумет” және “Socium” ақпараттық жүйелері бойынша туындаған мәселелерді талқылап, сапалы қызмет көрсету бағытында жұмысты жандандыру бойынша түсінік жұмыстары жүргізілді. https://www.facebook.com/share/p/15fbPN9JBb/?mibextid=wwXIfr
10.12.2024 жылы Қарақия ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Қарақия аудандық орталық емханасында Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі өкізілді. Қатысқан адам саны -50. https://www.facebook.com/share/v/15fkiwVN9i/