Қарақия ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №72 «Қарақия ауданы бойынша 2020 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңдарына сәйкес, Қарақия ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.Қарақия ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №72 «Қарақия ауданы бойынша 2020 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №4171 болып тіркелген, 2020 жылғы 6 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2.«Қарақия аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі (К.Беккалина) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3.Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Тұяқовқа жүктелсін.

4.Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.                                                                                        

Қарақия ауданының әкімі 

 

К. Беков

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

облысының/қаласының Әділет департаменті

Нормативтік құқықтық акті 01.10.2020

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеудің тізіліміне № 130000-130001-4300 болып енгізілді

Результаты согласования

Акимат Мангистауской области - мемлекеттік-құқықтық бөлім Люция Тобағұлқызы Жолдасбаева, 09.09.2020 17:46:52, положительный результат проверки ЭЦП

Департамент юстиции Мангистауской области - Басшы орынбасары Әуес Өришанқызы Көшкінбаева, 22.09.2020 17:39:20, положительный результат проверки ЭЦП

Результаты подписания

"Қарақия ауданы әкімінІң аппараты" ММ - Қарақия ауданының әкімі Қ.Беков К. Беков, 29.09.2020 16:55:28, положительный результат проверки ЭЦП

Дата публикации
14 октября 2020