Ағымдағы жылдың 10 қыркүйек күні аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында Қарақия аудан әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мониторингі және цифрландыруды дамыту бөлімшесінің басшысы А. Жұмағалиеваның төрағалығымен жиналыс өтті.
Өткізілген жиналыстың мақсаты мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру болып табылады.
Жиынға аудандық бөлімдердің мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты мамандары мен «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ мемлекеттік корпорациясының Қарақия аудандық филиалының басшысының орынбасары Г. Ескалиева қатысты.
Жиын соңында қызмет алушыларға сапалы қызмет көрсету мақсатында жаңадан бекітілген нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алу, қабылданатын өтінімдерді қағидаларға сәйкестендіру, ұсынылатын құжаттардың тізбесін нормативтік құқықтық актілерде көрсетілген талаптармен сәйкестендіру, артық құжат талап етпеу, мерзім бұзушылықты болдырмау бойынша тапсырмалар берілді.
Қамтылған адам саны: 8