«Дипломмен ауылға»

«Қарақия ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мониторингі және цифрландыруды дамыту бөлімшесі» басшысы А.Жұмағалиеваның ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың екінші қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № 43 бұйрығымен бекітілген «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету қағидаларын» талқылау үшін zoom бағдарламасы бойынша онлайн семинар өтті. Онлайн семинарға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша Департаментінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының басшысы Ж. Маршакұлы, Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Қ. Рысбаев және жетекші маман  О.Ирбаев, «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАК мемлекеттік корпорациясының  Қарақия аудандық филиалының басшылары қатысты.

Жаңадан бекітілген қағидаға сәйкес көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тәртібі, қызмет көрсету кезінде туындаған мәселелер талқыланды.

Қамтылған адам саны: 5

Дата публикации
07 октября 2020