«Қарақия аудандық тұрғын үй шаруашалығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

     «Қарақия аудандық тұрғын үй шаруашалығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2024 жылы 30 қазан күні сағат 15:00 – де, Қарақия ауданы, Құрық ауылы, Досан батыр №6 ғимаратында, жолаушылармен багаждарды ауданішілік тұрақты автомобиль тасымалдарының маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурс өткізілетінін хабарлайды.

Конкурсқа:

 -  №1 ЛОТ – «№1 маршрут» (Құрық – ст. Құрық), №2 ЛОТ – «№2 маршрут (Жетібай – ст. Жетібай) маршруттарының пакеті шығарылады. 

          Конкурсқа меншік нысанына қарамастан, меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде, автобустарды иеленуші кез-келген жеке және заңды тұлғалар қатысуға құқылы.

          Конкурсқа қатысуға тілек білдірушілер Қарақия ауданы, Құрық ауылы, Досан батыр №6 ғимараты, «Қарақия аудандық тұрғын үй шаруашалығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне  жазбаша өтінім бойынша ұсынуы тиіс.

Конкурстық құжаттар жиынтығын ақысыз алуға болады.

Конкурстық құжаттар алуға өтінімдерді қабылдау мен конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі: 2024 жылы                       «16» қазан сағат 18.00 –ге  дейін.

2024 жылы 7 қазан сағат 15.00 –де конкурстық комиссия, конкурсты өткізу мәселелері бойынша конкурс алды конференция өткізеді.

 

Анықтама алу үшін телефон: 8 776 016 00 60

Дата публикации
01 октября 2024