Қарақия ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «Қарақия ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Қарақия ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 3 сәуірдегі № 91 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3574 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Қарақия ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесінде:
2-тармағының 12)тармақшасы алынып тасталсын;
5-тармағының екінші абзацы алынып тасталсын;
6-тарауы алынып тасталсын;
9, 10, 11- қосымшалары алынып тасталсын.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарақия ауданының әкімі С.Төретаев