ЖОБА Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17, 69 және 71-1 баптарына сәйкес Қарақия ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Ақ-Нұр» жеке кәсіпкеріне меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай, Қарақия ауданы босалқы жер қоры «Сарытөбе» жерінен пайдалы  қатты  қазбаларды  барлау  жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін 200 гектар жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.
  2. «Ақ-Нұр» жеке кәсіпкері жер пайдаланушыларға қауымдық сервитут белгілеуден келтірілген шығынды толық көлемде өтеуді қамтамасыз етсін және магистральды газ құбырының құрылысы үшін жобалау жұмыстары аяқталғаннан кейін бүлінген жерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізсін.
  3. «Қарақия аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Н.Мекенова) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.    
  4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Төретаевқа жүктелсін.
  5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.      

                                                                          Қ.Беков

 

Дата публикации
31 августа 2020