Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17, 69 және 71-1 баптарына сәйкес Қарақия ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «AKBARS STROY Ltd» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай, Қарақия ауданы босалқы жер қоры «Қарамандыбас» кен орны жерінен мұнай құбырларының бөлшектеу жұмыстарын жүргізу үшін «Өзен-Жетібай-Ақтау» мұнай құбырының 22-37, 60-63 км аймағынан 18,0 га, «Өзен-Атырау-Самара» мұнай құбырының 19,5-28 км аймағынан 8,5 га жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін.
2. «AKBARS STROY Ltd» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жер пайдаланушыларға қауымдық сервитут белгілеуден келтірілген шығынды толық көлемде өтеуді қамтамасыз етсін және мұнай құбырларының бөлшектеу жұмыстары аяқталғаннан кейін бүлінген жерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізсін.
3. «Қарақия аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Н.Мекенова) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Төретаевқа жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қ.Беков