Құланды ауылдық округі әкімінің аппаратында тұрғындарға (Egov.kz) порталымен жұмыс жасау тәртібі түсіндірілді.

 Ағымдағы  жылдың  шілде айының 10-28 күндері аралығында Құланды ауылдық округі әкімінің аппаратымен «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша: «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы балаларды кезекке қоюға» және түлектердің мемлекеттік грант алу үшін құжаттар тапсыру, ЭЦҚ-ны қашықтықтан алу бойынша  51 тұрғынға (Egov.kz) порталымен жұмыс жасау тәртібі түсіндіріліп, қызмет көрсетілді.

 

 

Дата публикации
08 января 2020