1-тарау.
- Бұл Нұсқаулық сыбайлас жемқорлық бағытындағы әрекеттерге анықтама береді, сыбайлас жемқорлық сипатындағы жағдай туындаған жағдайда «Тұрмыс - Сервис» МКК (бұдан әрі -Кәсіпорын) жұмыскерлерінің іс-қимыл тәртібін белгілейді.
- Осы құжатпен Кәсіпорынның барлық құрылымдық бөлімшелері мен лауазымды тұлғалары міндетті түрде танысып шығып, қолданулары тиіс.
- Осы Нұсқаулықта келтірілген талаптар ең қажетті бастапқылары болып табылады және олар нақты бір жағдайда толық және/немесе шектеулі талаптар ретінде қарастырылмауы тиіс.
2-тарау. Осы Нұсқаулықта падаланылатын негізгі анықтамалар мен ұғымдар
- Осы Нұсқаулықта пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен қысқартулар: • Сыбайлас жемқорлық -жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратынадамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өз өкілеттіктері шегіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның ішінде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою жөніндегі, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру және олардың салдарларын жою жөніндегі қызметі.
- Коммерциялық параға сатып алу - коммерциялық немесе өзге де ұйымда басқару функцияларын орындайтын адамға ақшаны, бағалы қағаздарды немесе өзге мүлiкті заңсыз беру, сол сияқты оның өзінің қызмет бабын пайдаланғаны үшін, сондай-ақ параға сатып алуды жүзеге асыратын адамның мүдделерiне қызметi бойынша жалпы қамқорлығы немесе салғырттығы үшiн оған мүлiктiк сипаттағы қызметтерді заңсыз көрсету.
- Лауазымды адам -тұрақты, уақытша немесе арнайы өкілеттік бойынша билік өкілінің функцияларын жүзеге асыратын немесе мемлекеттік органдарда, квазимемлекеттік сектор субъектілерінде, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында ұйымдық-өкімдік немесе әкімшілік-шаруашылық функцияларды орындайтын адам.
- Мүдделер қақтығысы – жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың, лауазымды адамдардың жеке мүдделері мен олардың лауазымдық өкілеттіктері арасындағы қайшылық, мұндай жағдайда аталған адамдардың жеке мүдделері олардың өз лауазымдық міндеттерін орындамауына және (немесе) тиісінше орындамауына алып келуі мүмкін.
- Пара – мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адам немесе оған теңестірілген адам немесе жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам немесе лауазымды адам, сол сияқты шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның лауазымды адамы жеке өзі немесе делдал арқылы алатын ақша, бағалы қағаздар, өзге де мүлік, мүлікке құқықтар немесе мүліктік сипаттағы пайда.
- Параны қорқытып алу -адамның пара берушінің немесе ол өкілі болып табылатын адамдардың заңды мүдделеріне нұқсан келтіруі мүмкін әрекеттер жасау қатерімен параны талап етуі не құқық қорғау мүдделері үшін зиянды салдардың алдын алу мақсатында ол пара беруге мәжбүр болатын жағдайларды қасақана жасауы.
3-тарау. Жалпы ережелер
- Қазақстан Республикасында пара алу және беру әрекеттері заңға қайшы және бұл жағдайларда Қылмыстық кодекс пен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс қолданылады.
Егер ақша, өзге мүлік, материалдық қызмет көрсету түріндегі мүліктік пайда лауазымды адамның келісімімен оның туыстары мен жақындарына берілсе немесе егер ол бұған қарсылық білдірмесе және өзінің қызметтік өкілеттігін пара берушінің пайдасына пайдаланса, лауазымды адамның ісәрекетін пара алу деп саралау керек.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ақшамен,бағалы қағаздармен және өзге де мүлікпен қатар, өтеусіз көрсетілетін, бірақ төлеуге жататын мүліктік сипаттағы пайда (туристік жолдамалар беру, пәтер жөндеу, саяжай салу және т.б.) пара алу және коммерциялық сатып алу нысанасы болуы мүмкін.
Мүліктік сипаттағы пайда деп, атап айтқанда, берілетін мүліктің, жекешелендірілетін объектілердің құнының төмендетілуі, жалдау төлемдерінің, банк несиелерін пайдаланғаны үшін төленетін пайыздық мөлшерлемелердің азайтылуы түсіндіріледі.
- Пара алу және пара беру, бір қылмыстық модельдің екі қарама-қарсы жағы, егер пара туралы айтатын болсақ, бұл пара алатын адамның (пара алушы) және оны беретін адамның (пара беруші) бар екенін білдіреді.
- 7. Пара алу – ең қауіпті лауазымдық қылмыстардың бірі, әсіресе егер оны адамдар тобы жасаса немесе қорқытып алумен бірге жүретін болса, оллауазымды адамның заңды немесе заңсыз әрекеттері (әрекетсіздігі) үшінартықшылықтар алу мен пайда көруден тұрады.
- Пара беру - лауазымды адамды заңды немесе заңсыз әрекеттер(әрекетсіздік) жасауға көндіруге немесе берушінің пайдасына, оның ішінде жалпы қамқорлығы немесе қызмет бабында бетімен кетушілік үшін қандай да бір артықшылықтар беруге, алуға бағытталған қылмыс.
- Пара нысандары келесідей болуы мүмкін:
- заттар, ақша, оның ішінде: валюта, банк чектері және бағалы қағаздар, асыл металдар мен тастардан жасалған бұйымдар, автомашиналар, тамақ өнімдері, бейнетехника, тұрмыстық құралдар және басқа да тауарлар, пәтерлер,саяжайлар, қала сыртындағы үйлер, гараждар, жер учаскелері және басқа да жылжымайтын мүлік;
- пайда көздеу: емдеу, жөндеу және құрылыс жұмыстары, санаторийге және туристік жолдамалар, шетелдік сапарлар, ойын-сауық және басқа дашығындарды ақысыз алу немесе төмендетілген бағамен төлеу.
- параның бүркемеленген түрі -іс жүзінде жоқ борышты өтеу түріндегі банктік қарыз, төмендетілген бағамен сатып алынған тауарларды төлеу, тауарларды жоғары бағамен сатып алу, парақорға, оның туыстарына, достарына жалақы төлеу үшін жалған еңбек шарттарын жасасу, жеңілдікпен несие алу, дәрістер, мақалалар мен кітаптар үшін қаламақыны негізсіз көтеру, казинодағы "кездейсоқ" ұтыс, борышты кешіру, жалдау ақысын азайту, кредит бойынша пайыздық мөлшерлемелерді ұлғайту және т. б.
- Мүдделер қақтығысын болғызбау немесе реттеу туралы шектеулерді, тыйым салуларды және талаптарды, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға көндіру мақсатындағы өтініштер туралы жалдаушының (жұмыс берушінің) өкілін хабардар ету міндетін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл мақсатында белгіленген өзге де міндеттерді сақтау маңызды. Айта кететін жайт, кейбір сөздерді, екіұшты ойлар мен ым-ишаратты айналадағылар пара беру туралы өтініш (тұспал) ретінде қабылдауы мүмкін.
Мұндай екіұшты ойларға, мысалы, мыналар жатады:
- "Мәселені шешу қиын, бірақ шешуге болады";
- "Құрғақ қасық ауыз жыртады";
- "Келісіп көрейік";
- "Салмақтырақ дәлелдер қажет";
- "Істің мән-жайын талқылау керек";
- "Ал енді не істейміз?" және т.б.
Ұйымдардың өкілдерімен және азаматтармен, әсіресе олардың пайдасына лауазымды тұлғалардың шешімдері мен іс-әрекеттеріне байланысты белгілі бір тақырыптарды талқылау пара беру туралы өтініш ретінде де қабылдануы мүмкін.
Мұндай тақырыптарға мысал келтірсек:
- жалақының төмен деңгейі және қандай да бір мұқтаждарды өтеуге ақша қаражатының жетіспеуі;
- қандай да бір мүлікті сатып алуға, қандай да бір қызметті алуға, туристік сапарға баруға ниет білдіру;
- лауазымды адамның туыстарында жұмыстың болмауы;
- лауазымды адамның балаларының білім беру мекемелеріне түсу қажеттілігі және т.б.
Лауазымды адамнан түсетін белгілі бір ұсыныстар, әсіресе егер олар ұйымдардың өкілдеріне және пайдасы олардың шешімдері мен әрекеттеріне байланысты азаматтарға бағытталған болса, пара беру туралы өтініш ретінде қабылдануы мүмкін. Бұл мұндай ұсыныстар жақсы ниеттен туындаған және шенеуніктің жеке пайдасына қатысы болмаған жағдайда орын алуы ықтимал. Мұндай ұсыныстарға, мысалы, келесілер жатады:
- лауазымды тұлғаға және (немесе) оның туыстарына жеңілдік беру;
- анықталған бұзушылықтарды жою, мемлекеттік келісімшарт шеңберінде жұмыстарды орындау, қажетті құжаттарды дайындау үшін нақты компанияның және (немесе) сарапшылардың қызметтерін пайдалану;
- нақты қайырымдылық қорына ақша салу;
- нақты спорт командасына қолдау көрсету және т.б.
- Сыбайлас жемқорлық және коммерциялық параға сатып алудың ықтимал жағдайлары, сондай-ақ мінез-құлық қағидалары бойынша ұсынымдар.
Арандату:
Қызмет алу үшін жүгінген азаматтар, бөлімше қызметін тексеруді жүзеге асыратын лауазымды тұлғалар тарапынан ықтимал арандатуларды болдырмау үшін:
- келушілер орналасқан қызметтік үй-жайларды және жеке заттарды (киім, портфель, сөмке және т. б.) қараусыз қалдырмаңыз);
- келуші кеткеннен кейін жұмыс орнынан немесе жеке заттар ішінен қандай да бір бөгде заттар табылған жағдайда, өз бетіңізбен ешқандай іс-қимыл жасамай, дереу басшылыққа мәлімдеңіз.
Параны қорқытып алу:
- мейлінше сақ болыңыз, сыпайылық сақтаңыз, ешкімге жағынуға тырыспаңыз, параны және/немесе коммерциялық параны қабылдаудан үзілдікесілді бас тарту немесе алуға дайын болу ретінде түсіндірілуі мүмкін асығыс мәлімдемелер жасамаңыз;
- сізге ұсынылған шарттарды мұқият тыңдап, есте сақтаңыз (сомалардың мөлшері, тауарлардың атауы және қызметтердің сипаты, параны беру мерзімдері мен тәсілдері, коммерциялық параға сатып алу нысаны, мәселелерді шешу дәйектілігі);
- пара және/немесе коммерциялық параға сатып алу нысанасын беру уақыты мен орны туралы мәселені келесі әңгімеге дейін ауыстыруға тырысып, келесі кездесу үшін Сізге жақсы таныс орынды ұсыныңыз;
- әңгіме барысында бастама көтермеңіз, көбірек "қабылдауға
тырысыңыз", сұхбаттасушының "ашылып сөйлеуіне" мүмкіндік беріңіз, одан
мүмкіндігінше көп ақпарат алыңыз;
- пара беруге немесе коммерциялық параға сатып алуға келісім берген жағдайда, Сіздің мәселеңізді шешудің кепілдіктері туралы сұраңыз;
- егер Сізде диктофон болса, пара және/немесе коммерциялық параға сатып алу туралы ұсынысты (жасырын) жазып алуға тырысыңыз;
- осы факт туралы жоғары тұрған басшылыққа қызметтік жазба түрінде баяндаңыз;
- дайындалып жатқан қылмыс туралы жазбаша немесе ауызша түрде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға немесе Call-орталыққа (1424) жүгініңіз.
- Мүдделер қақтығысы:
- мүдделер қақтығысының кез-келген мүмкіндігіне мұқият болыңыз;
- мүдделер қақтығысының туындау мүмкіндігіне жол бермеу шараларын қабылдаңыз;
- туындаған мүдделер қақтығысы туралы немесе оның туындау мүмкіндігі туралы Сізге белгілі болған сәтте өзіңіздің тікелей бастығыңызға жазбаша нысанда хабарлаңыз;
- тікелей басшының келісімі бойынша туындаған мүдделер қақтығысын еңсеру жөнінде шаралар қабылдаңыз;
- мүдделер қақтығысының тарабы болып табылатын қызметкердің қызметтік жағдайын өзгертіңіз, тіпті белгіленген тәртіппен қызметтік міндеттерін орындаудан шеттетуге де болады және (немесе) қызметкер мүдделер қақтығысының туындауына себеп болған пайдадан бас тартуы қажет;
- қызметтік тәртіпті сақтау және мүдделер қақтығысын реттеу жөніндегі комиссия құрылуы тиіс.
Әр адам өз шешімін еркін таңдай алады. Бірақ еркін адам болғанымен, ол қылмыстың жазалануы тиіс екенін түсінбеуі мүмкін емес
4-тарау. Сіздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру туралы шешім қабылдағандағы әрекеттеріңіз
- Өз қалауыңызбен ауызша немесе жазбаша түрде сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға немесе Call-орталыққа (1424) жүгіне аласыз.
- Сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық туралы хабарлау нысандарының бірі жасырын жүгіну болып табылады. Бұл жағдайда өтініш беруші аты-жөнін бүркемелеуге байланысты жауап ала алмайды, ал қылмыс туралы жасырын өтініштің өзі, мұндай өтініште дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы мәліметтер бар жағдайларды қоспағанда, қылмыстық іс қозғауға себеп бола алмайды.
- Параны қорқытып алу жағдайында Сізге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға жүгіну және параны немесе коммерциялық параны қорқытып алу фактісі туралы төмендегілерді көрсетіп өтініш жазу қажет:
- лауазымды тұлғалардың қайсысы (тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, мекеменің атауы) Сізден қорқытып пара талап етеді немесе коммерциялық құрылымдар өкілдерінің қайсысы Сізді пара алуға итермелейді;
- қорқытып алынатын параның (параға сатып алу) сомасы мен сипаты қандай;
- нақты қандай әрекеттер (немесе әрекетсіздік) үшін Сізден пара талап етіледі немесе коммерциялық параға сатып алу жасалады;
- пара беру қай уақытта, қай жерде және қалай жүзеге асырылатын болады немесе коммерциялық параға сатып алу жүзеге асырылатын болады.
5-тарау. Сыбайлас жемқорлық сипатындағы жағдай кезіндегі жұмыскерлердің іс-қимыл алгоритмі
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға жүгінумен қатар қызметкерлер осы Нұсқаулыққа сәйкес басшылықты хабардар ету шараларын қабылдауы тиіс.
«Тұрмыс - Сервис» МКК 2023 жылғы 04 қаңтардағы Қарақия аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі ММ басшысы бекіткен штат құрылымына сәйкес сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен сыбайлас жемқорлық сипатындағы жағдайлар анықталған және/немесе олармен бетпе-бет келген кездегі барлық жұмыскерлер іс-қимылының мынадай алгоритмін әзірледі:
Кәсіпорынның аппаратының жұмыскерлері
- Директордың орынбасары, заңгер, бас есепші, кадр жөніндегі инспектр, мемлекеттік сатып алу жөніндегі маман, еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздік инженері кәсіпорын директорына хабарлауы тиіс;
- Автотұрақ, Кетік су көзі, Су тұщыту қондырғысы, Таушық су бөлімшелері жұмыскерлері учаске басшыларына және директордың орынбасарына хабарлауы керек;
- учаске басшылары директорға хабарлауы керек.
Бұл ретте жұмыскерлер мүмкіндігіне қарай өз уәждері бойынша дәлелдемелік негіздерін (куәлар, құжаттар, хат алмасу, оның ішінде мессенджерлер арқылы, аудио- және бейнематериалдар және т.б.) ұсынады және оны алгоритмге сәйкес уәкілетті органға және жоғары тұрған басшылыққабереді.
6-тарау. Қарауындағылардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшін басшылардың жауапкершілігі
- Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған шараларды күшейту мақсатында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық, коммерциялық параға сатып алу және өздерінің лауазымдық міндеттерін орындау кезінде өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған және кінәсі сотта дәлелденген қарамағандылары үшін басшыларға дербес жауапкершілік жүктейтін норма қарастырылған.
- Кәсіпорын жұмыскері өзінің қызметтік міндеттерін орындау кезінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық, коммерциялық сатып алу және өзге де қылмыстық құқық бұзушылық фактілері бойынша қылмыстық қудалау шеңберіне тартылған жағдайда, осы жұмыскер ҚР Еңбек кодексіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу кезеңінде өзінің лауазымдық міндеттерін орындаудан шеттетіледі. Бұл жұмыскердің тікелей басшысы жұмыскерді өз міндеттерін орындаудан шеттету үшін тиісті шаралар қабылдауға міндетті.
- Тәртіптік жауаптылыққа тарту түрлері келесідей:
- ескерту;
- сөгiс;
- қатаң сөгіс;
- еңбек шартын Еңбек кодексінде қарастырылған негіздермен Жұмыс берушінің бастамасымен бұзу.
Басшы өзіне тікелей бағынышты жұмыскерге қатысты заңды күшіне енген соттың айыптау үкімі шыққан кезде немесе қылмыстық істі ақталмайтын негіздермен (рақымшылық жасау, іс жүзінде өкіну, тараптардың татуласуы және т.б.) тоқтату туралы шешім қабылданған кезде жұмыстан шығуға өтініш беруі тиіс.
Жұмыстан шығу туралы өтініш басшыны лауазымға тағайындаған жауапты адамға беріледі. Жұмыстан шығару және тәртіптік жаза қолдану туралы шешім қабылдау басшыны осы лауазымға тағайындаған тұлғаның құзыретінде болып табылады.
Басшыға жұмысынан кету үшін берілетін мерзім күнтізбелік 10 күнді құрайды.
- Тікелей бағыныштылар келесілер болып табылады:
Кәсіпорынның аппараты
- Директор үшін –оның орынбасары, экономист, бас бухгалтер, мемлекеттік сатып алу маманы, заңгер, кадр жөніндегі маман және учаске басшылары;
- бас бухгалтер үшін –материальный бухгалтер;
- директордың орынбасары үшін- автотұрақ механигі, учаске басшылары;
- кадрлар және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі маманы үшін –
бөлімнің барлық жұмыскерлері;
- сатып алу және келісімшарттарды сүйемелдеу бөлімінің маманы үшін –
бөлімнің барлық жұмыскерлері;
- бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімінің маманы үшін –бөлімнің
барлық жұмыскерлері;
- Тікелей бағынышты жұмыскері сыбайлас жемқорлық сипатындағы
құқық бұзушылықты жасаған жағдайда басшы осы лауазымға тағайындалған
күннен бастап 3 ай өткен соң дербес жауаптылықта болатынын назарға алу
қажет.
Бұл ретте жоғарыда көрсетілген жауапкершілік "Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабына сәйкес
тікелей бағынышты адам жасаған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық
фактісі туралы өз бетімен хабарлаған басшылыққа қолданылмайды.
- Кәсіпорын жұмыскерінің өз лауазымдық міндеттерін орындауы кезінде
сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық, коммерциялық сатып алу және өзге де қылмыстық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе кәсіпорын
жұмыскерлерінің лауазымдық міндеттерін орындауы кезіндегі сыбайлас
жемқорлық, коммерциялық сатып алу және өзге де қылмыстық құқық
бұзушылықтарына қарсы іс-қимылған өзгеше түрде жәрдем көрсеткен
жұмыскер мемлекеттің қорғауында болады және Қазақстан Республикасының
Үкіметі белгілеген тәртіппен көтермеленеді.
- Осы ережелер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы
көрінеу жалған ақпартты хабарлаған адамдарға қолданылмайды, олар заңға
сәйкес жауапты болады.
- Кәсіпорын жұмыскерлерінің өз лауазымдық міндеттерін орындауы
кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға, коммерциялық сатып алуға
және өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтарға жәрдем көрсететін қызметкер
туралы ақпарат мемлекеттік құпия болып табылады және заңда белгіленген
тәртіппен ұсынылады. Көрсетілген ақпаратты жария ету заңда белгіленген
жауаптылыққа әкеледі.
7-тарау. Қорытынды ережелер
- Нұсқаулық Директор бекіткен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні
өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
- Нұсқаулыққа енгізілетін өзгерістер/ толықтырулар Директор бекіткен күннен бастап күшіне енеді.