Ақпан айында көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы

28 ақпан күні  Еріктілер жылына орай Қарақия ауданы әкімдігінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге жауапты қызметкерлерінің ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі жандардың үйлеріне арнайы барып, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді егжей-тегжейлі түсіндірді.

Іс-шараға Қарақия ауданы әкімі арпаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді талдау және бақылау жөніндегі бас маманы А.Жұмағалиева, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАК Қарақия аудандық филиалының басшысы И.Ходжаназаров, Қарақия аудандық жер қатынастары, тұрғын-үй комуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы мамандарымен «Тұрғын үй жинақ банкі» АҚ-ның өкілдері қатысты.

Халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ, кез келген уақытта қызметті алуға болатынын айта келе, «EGOV» электронды портал арқылы қызметтерді қалай қолдану керектігін үйретті. Бұл шара «WWW.EGOV.КZ» электрондық үкіметтің порталын кеңінен насихаттау бойынша жүзеге асырылып отыр.

Аталмыш шарада арнайы «egov.kz» жазуы бар сөмкеге салынған күнтізбелер, блакноттар, мен жалауша сондай-ақ флешкарталар таратылды. Сондай-ақ, «Бақытты отбасы» бағдарламасының шарттары 10 тұрғынға түсіндірілді.

Дата публикации
27 апреля 2020