Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 104 бабы 6-1 тармағының 1 тармақшасына сәйкес бірмандаттық сайлау округтері бойынша:
2023 жылғы 15 ақпанда тіркеді
Озгамбаев Қуанышбай Өмірзақұлы, 1968 жылы туған, «Альянс Ойл Сервис» ЖШС, кеңесші, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылының тұрғыны, «Aуыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, қазақ, «Aуыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы» қоғамдық бірлестігі Маңғыстау облыстық филиалы ұсынған.
2023 жылғы 16 ақпанда тіркеді
Оңалов Нұрасыл Өмірханұлы, 1991жылы туған, Қарақия аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің ШЖҚ «Тұрмыс-Сервис» МКК, директордың міндетін атқарушы, Құрық ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, қазақ, өзін-өзі ұсынған.
Оразбекұлы Әлібек, 1992жылы туған, Қарақия аудандық ішкі саясат, тілдерді дамыту бөлімінің «Қарақия аудандық жастар ресурстық орталығы» КММ, директор, Құрық ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, қазақ, өзін-өзі ұсынған.
2023 жылғы 18 ақпанда тіркеді
Утешев Жасұлан Жалғасұлы, 1987 жылы туған, Жергілікті кәсіподақ «Арнайы техника» ҚБ, төраға орынбасары, Жетібай ауылының тұрғыны, қазақ, өзін-өзі ұсынған.