Құрық ауылы №14 2020 жылғы 11 маусым
Құрық және Сенек ауылдары
әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» № 148 Заңының 36-1-бабына сәйкес, Құрық және Сенек ауылдары әкімдерінің өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты Қарақия аудандық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.Құрық және Сенек ауылдары әкімдерінің сайлауы 2020 жылдың 10 шілдесіне тағайындалсын.
2.Әкімдікке кандидаттар ұсыну сайлаудан 30 күн бұрын – 2020 жылдың
11 маусымында басталып, сайлау күніне 25 күн қалғанда – 2020 жылдың 15 маусымында аяқталсын.
3.Әкімдікке кандидаттарды тіркеу дауыс беретін күнге 15 күн қалғанда– 2020 жылдың 29 маусымда аяқталсын.
4.Құрық және Сенек ауылдары әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
5.Осы шешім қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
6.Осы шешім бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
Қарақия аудандық сайлау комиссиясының
төрағасы Д.Атағараев
Қарақия аудандық сайлау комиссиясының
хатшысы Г.Жайылханова