Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Бостан ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды тіркеу туралы

Қарақия аудандық сайлау комиссиясы 2023 жылдың 23 қаңтар күні «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық  Заңына сәйкес, Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Бостан ауылдық округі әкіміне өзін-өзі ұсыну жолымен 3 (үш) кандидатты  тіркеді.

Бостан ауылдық  округі  бойынша

  1. Асанов Шаттык Сырымович, 1962 жылы  туған, Бостан ауылдық округінің әкімі, Бостан  ауылында  тұрады,  өзін-өзі ұсыну жолымен, қазақ.
  2. Омирбаев Ерлан Амирбайұлы, 1993 жылы туған, «Қарақия ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас инспекторы, Құрық ауылында тұрады, өзін-өзі  ұсыну  жолымен, қазақ.
  3. Шабаров Наурызбек Майрамкулович, 1995  жылы   туған,  «Құланды ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, Жаңаөзен қаласында  тұрады, өзін-өзі  ұсыну  жолымен,  қазақ.
Дата публикации
23 января 2023