2022 жылдың 12 айы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету бойынша есепке талдамалық анықтама

    Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы    5 қыркүйектегі № 310/НҚ  бұйрығымен   бекітілген мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес, Қарақия  ауданы әкімдігінің бөлімдерімен  (ведомствалық бағынысты мекемелермен)   7 ауыл, ауылдық округ әкімінің аппараттарымен 128  қызметтің түрі көрсетіледі, оның ішінде нақты көрсетілген мемлекеттік органмен-4 , мемлекеттік корпорациямен-32 , электронды портал арқылы- 51.  

                     Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау бойынша жүргізілген ішкі бақылау жұмыстары

           Қарақия   ауданы әкімінің   2022 жылғы 02 маусымдағы   № 72 өкімімен бекітілген «2022 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау іс-шараларының жоспарын бекіту туралы»   өкімімен іс-шара  жоспары бекітілді.

         Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына жүргізілген ішкі бақылаудың нәтижесіне сәйкес, 2022 жылдың жоспары бойынша  жүргізілген бақылау объектілерінің саны – 7 , «Қарақия аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ, «Қарақия аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»ММ, «Қарақия аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі»ММ, «Құрық ауылы әкімінің аппараты»ММ, «Қарақия аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі»ММ, «Қарақия аудандық жұмыспен қамту орталығы»КММ, «Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі»ММ ).

Анықталған бұзушылықтардың саны – 46 оның ішінде:

-  мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың өзге де талаптарының бұзылу фактілері -8.

-  мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бекітілген стандартында көзделмеген құжаттарды талап ету фактілері -9.

- мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін (бизнес-процесін) бұзу фактілері-23;

- мемлекеттік қызмет көрсетуде бас тарту мерзімдерін бұзу-3;

-  Құжаттар топтамасы толық болмағанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге жол беру -2.

-  Көрсетілетін қызметті берушімен жұмыс мерзімін сақтамау -1.

        Бақылау іс-шара қорытындысы бойынша әзірленген ұсыныстардың саны -31 (орындалғаны-31).

Аталған кемшіліктерге жол берген қызметкерлерге «ескерту» түріндегі - 1, «қызметіне толық сәйкес емес» түріндегі -1, «сөгіс» түріндегі - 1, «қатаң сөгіс» түріндегі - 4 шара қолданылды.                    

                    Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру

          Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру мақсатында «Маңғыстау облысындағы ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның филиалына дәрістерге жіберіледі. 2022 жылдың 12 айында  Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен қызметкерлер саны-5 .

                       2022  жылдың 12 айы  бойынша  көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша

Қарақия  ауданында көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны барлығы 12099  мемлекетік қызметтер көрсетілді, оның ішінде:

1)11.1- көрсетілетін қызметті берушілермен кеңсе арқылы (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 13;

2)11.2- мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді "электрондық үкімет" веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен баламалы негізде кеңсе арқылы қағаз түрінде көрсетілгендер саны– 132;

3)11.2-мемлекеттік корпорация  арқылы көрсетілген қызметтің саны -2131;

4)11.3- көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде ("электроннық үкімет" веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 9756.

5) 11.4-көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және өтінімді ақпараттық жүйеге қолмен енгізу арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы ("электроннық үкімет" веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны-67.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту саны -1514  (қағаз түрінде -433, электрондық түрде -1081).

Қарақия ауданында 2022  жылдың 12 айы бойынша барлығы 67 қызмет түрінен (12099) қызмет көрсетілді, оның ішінде:

- мемлекеттік органмен- 4 қызмет түрі бойынша  (145);                              

- мемлекеттік корпорация -32 түрі бойынша  (2131);              

 -электронды портал арқылы 51 түрі бойынша (9823) қызмет  көрсетілді.    

                         Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша мерзім бұзушылықтар, шағымдар

2022 жылдың 12 айында мемлекеттік қызмет көрсетуде бас тарту мерзімдерін бұзу бойынша – 9. Атап айтқанда,  «Қарақия аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі»ММ-де – 3 , «Қарақия аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»ММ-де – 4, «Сенек ауылы әкімі аппараты»ММ-де – 2 фактісі анықталды.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін (бизнес-процесін) бұзу фактілері – 5 («Қарақия аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»ММ-де – 5).

Аталған кемшіліктерге жол берген қызметкерлерге «ескерту» түрінде – 3(«Сенек ауылы әкімі аппараты»ММ-де – 2, «Қарақия аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»ММ-де – 1), «қызметіне толық сәйкес емес» -2(«Қарақия аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі»ММ-де – 1, «Қарақия аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі»ММ-де – 1) шара қолданылды.

           Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге 2022 жылдың 12 айы бойынша Қарақия ауданы әкімдігіне тікелей келіп түскен  шағымдар болған жоқ.

«Өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштары», «Сервистік әкімдік»

         Қарақия ауданы бойынша барлығы- 41 «өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштары» аудан, ауыл әкімдіктерінде, жергілікті атқарушы органдарда, білім беру ұйымдарында  орналасқан (қосымша тізімі жолданады). «Өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштары» арқылы 2022 жылдың 12 айы бойынша  барлығы 1930 қызмет көрсетілген.

        «Сервистік әкімдік» арқылы  аудан әкімі мен орынбасарлары тарапынан 271 азаматтың  жеке сұрақтарына байланысты қабылдау жүргізілді.

                                                                             Есептілік нысандар бойынша

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі  (бұдан әрі - Министрлік) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен Жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидалар (бұдан әрі - Қағидалар) бекітілді,қызмет көрсету нысаны тек электронды түрде көрсетілу керек, алайда:

1148.1-«Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру»-16 11.2 мемлекеттік корпорация арқылы қабылданған жеке тұлға-20, заңды тұлға-15  (бас тарту жеке тұлға-12, заңды тұлға-13) ;

           Аталған қызмет түрі бойынша ауыл әкімі аппараттарында қызметтерді көрсетуге ақпараттық жүйелері жоқ болғандықтан, қағаз жүзінде өтінімдер қабылданды.

         Есептілікке мынадай өзгірістер енгізілді:

1296.1-«Тұрғын үй сертификаттарын беру» мемлекеттік қызметі бойынша 11.2-тармағына мемлекеттік корпорация арқылы қабылданған наурыз айының көрсеткішіне жеке тұлға -1  қызметі енгізілді.

Сонымен қатар, «Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну» мемлекеттік қызметі бойынша «Е-лицензиялау»АЖ арқылы қабылданған қаңтар айының көрсеткішіне жеке тұлға – 7 саны 8-ге, заңды тұлға- 8 саны 7-ге, наурыз айының көрсеткішіне жеке тұлғаға – 11 саны 9-ға қызмет сандары өзгертілді.

(Есептілік толтыру кезінде кемшілікке жол берген бөлімдердің басшылары мен жауапты мамандарының түсініктемелері қосымша жалғанады).

                              Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша бас тартулар

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша ең көп бас тарту:

    395.-«Мемлекеттік атаулы көмек тағайындау» мемлекеттік қызметі бойынша -385;

    154.- «Еңбекші иммигранттарға рұқсаттар беру» - 137;

            Негізгі бас тартудың  себептері: нормативтік құқықтық актілердің заң талаптарына сәйкес келмеуі.

                           Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша жүргізілген түсіндіру шаралары

        Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын  арттыру мақсатында аудан тұрғындарына  түсіндіру (барлығы 119, оның ішінде:  түсіндіру шаралары–70, дөңгелек үстел–4, әлеуметтік желілерге жариялау–20, брифинг–17, жәрмеңке–3, 2рет (400 брошюра) таратылды, 3 бильборд жаңартылды) жұмыстары жүргізілді, аталған түсіндірме іс-шаралары бойынша қамтылған қызмет алушылардың саны -12603.

         Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің алу тәртібін, оның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы қызмет алу тиімділігін насихаттау бағытында, сондай-ақ тұрғындардың цирфлық сауаттылығын арттыру мақсатында аудан әкімдігіне қарасты ауыл мен ауылдық округ әкімінің аппараттары және бөлімдердің әлеуметтік желідегі парақшалары (Instagram және Facebook) арқылы үнемі түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Сонымен қатар, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу тәртібін, оның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы қызмет алу тиімділігін насихаттау бағытында жеке парақша (@mem.qyzmet.qq) ашылды. Мақсаты: барлық мемлекеттік көрсетілетін қызметті бір жерге орналастыру;

Қазіргі таңда, 26 пост (8 видеоролик)  жарияланып 4655 адамды қамтып, 67 адам парақшаға тіркеліп үлгерді.

                                 Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша жүргізілген жиналыстар

       2022 жылдың 12 айы бойынша Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту мақсатында жиналыстар өткізілді. Ауыл әкімдеріне, бөлім басшыларына аудан әкімі аппаратының басшысы төрағалығымен өткен 21.02.2022 жылғы №5 санды хаттамалық тапсырмалар берілді.

Сонымен қатар, 2022 жылы қаңтар-наурыз айлары аралығында  мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету барысында негізсіз бас тартуды болдырмау мақсатында нормативтік құқықтық актілерді түсіндіру бойынша 2022 жылға арналған іс-шара жоспарына сәйкес, жер, құрылыс, тұрғын-үй, экономика, жұмыспен қамту салаларының мамандарына түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

         Қарақия ауданы әкімінің аппараты, Сізге республикалық деңгейде жүргізген «Қайырымдылық қор» «Зор Рух»      жеке қорымен және «Центр правовой поддержки Алас» қоғамдық қоры жүргізілген қоғамдық мониторинг нәтижесі бойынша аппарат басшысымен 2022 жылға  арналған  іс-шара жоспары бекітілді.

14.03.2022 жылы онлайн түрде Қарақия ауданы бойынша жүргізілген қоғамдық мониторинг нәтижесі бойынша жиналыс өткізілді. Жиналыста «Центр прававой поддержки Алас» қоғамдық қорының менеждері қоғамдық мониторинг қорытындысы бойынша баяндап, ұсыныстар талқыланды.

 Сонымен қатар, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша шығарылған видеороликтер жарияланды.

https://ww.facebook.com/100012151693914/posts/1411279212620455/

06.04.2022 жылы аппарат басшысының төрағалығымен «Қайырымдылық қор» «Зор Рух» жеке қорының мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге жүргізілген қоғамдық мониторинг қорытындысына сәйкес ауыл әкімдері, бөлім басшылары, ведомствалық бағынысты мекемелермен, мемлекеттік корпорация қызметкерлерімен жиналыс өткізілді.

 Жиналыс барысында қоғамдық мониторинг нәтижелері бойынша  ұсыныстар талқыланды, тапсырмалар берілді.

«Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕ АҚ Маңғыстау облысы бойынша филиалының мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында  бағытталған   іс – шаралар жоспарына сәйкес, ауданға қарасты бөлім мамандары  ағымдағы жылдың мамыр- маусым айларында  ауылшаруашылығы, ахаж, құрылыс, тұрғын-үй салалары бойынша мемлекеттік корпорация қызметкерлеріне нормативтік құқықтық актілердің заң талаптарын сақтау , тәртібін түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

2022 жылдың 6 айында қызметтерді көрсету сапасына жүргізілген ішкі мемлекеттік бақылау іс-шараларында анықталған бұзушылықтарды бақылау объектісі басшыларымен жауапты мамандарын және басқада бөлім басшыларымен жауапты мамандарын жинап 11.08.2022 жылы №6 хаттамалық жиналыс өткізілді.

         2022 жылдың қазан айында жоспарға сәйкес «Қарақия аудандық жұмыспен қамту орталығы»КММ-де(бұдан әрі – Орталық) жүргізілген ішкі бақылау нәтижесін талдау мақсатында жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасары М.Тулегеновтің төрағалығымен Қарақия аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінің және Орталықтың басшылары және жауапты мамандарымен 26.10.2022 жылы №7 хаттамалық жиналыс өткізілді(қосымша жалғанады).

Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша жүргізілетін қоғамдық мониторинг

Қарақия ауданы әкімі аппаратының  2022 жылға жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «Қарақия аудандық әкімдігінің көрсететін мемлекеттік қызметтер сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу» лот тақырыбы бойынша 800 000 (сегіз жүз мың) теңге қаражат бөлініп, конкурс жарияланды.

Қарақия ауданы бойынша қоғамдық мониторинг жұмыстарын жүргізуге 7 мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізілімі енгізілді (қосымша кестесі жалғанды).

Мемлекеттік әлеуметтік тапысырыс қорытындысы бойынша  Ақтау қалалық Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің қоғамдық бірлестігі "Бауырлас жауынгерлер" жеңіп алды.

Қоғамдық мониторинг жұмыстары мамыр-желтоқсан айлары аралығын қамтыды.

Қазіргі таңда, аудан бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қоғамдық мониторинг жұмыстары аяқталып, есебі қабылданды.

Нәтижесінде қызмет алушылардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қанағаттану деңгейі 80 пайыздық көрсеткішті құрады.

 

Қарақия ауданы әкімі

аппараты басшысы                                                          Б.Ерденбаев

    

Дата публикации
17 января 2023