Ағымдағы жылдың желтоқсан айында өткізілген іс-шаралар туралы

Мұнайшы ауылы әкімдігі Электрондық қызмет көрсету бойынша тұрғындардың қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы арқылы 2022 жылдың желтоқсан айында әкімдік қызметкерлері e.gov порталы арқылы ауылымыздың 24 /жиырма төрт/ тұрғынына  қызмет түрі көрсетілді. 

Қамтылған адам саны: 24

Жетібай ауылы әкімдігі  01.12.2022-30.12.2022 аралығында «Өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы» арқылы анықтамалар бойынша тұрғындарға қызмет көрсетілді. Тұрғындарға үйден шықпай-ақ “egov.kz” электронды порталы  және «egov mobile», «halyk homebank», «Kaspi.kz» қосымшасы арқылы оңай және тез қызмет алу жолдары  түсіндірілді.

Қамтылған адам саны: 19

           «Құланды ауылдық округі әкімінің  аппараты»  мемлекеттік мекемесі, Сізге Құланды ауылы әкімшілігіндегі орналасқан өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы арқылы көрсетілген қызметтерге келесідей ақпарат жолдаймыз. 2022 жылдың желтоқсан  айы бойынша  өз-өзіне  қызмет көрсету бұрышы арқылы ЭЦҚ-ны онлайн алуға 7  адам, жер телімін алуға кезекке тұруға  3 адам,  жұмыссыз ретінде тіркелуге  4 адамға барлығы 14 тұрғынға ЭЦҚ-ны пайдалану жолдары түсіндіріліп,  қызмет көрсетілді.

Қамтылған адам саны: 14

«Қарақия аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-сі, Мемлекеттік қызметтің ішіндегі қарқынды жұмыс жүріп тұрған қызметтердің бірі ол тұрғын үй кезегіне алу. Осыған байланысты ЖЕЛТОҚСАН айында «kezekte.kz» электрондық портал арқылы тұрғын үй кезегіне (өз өзіне қызмет көрсету арқылы 35 тұрғынға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп қызмет қабылданды).

Қамтылған адам саны: 36

Қарақия ауданы әкімі аппаратының Facebook әлеуметтік желісінің ресми парақшасында 2022 жылы 21 желтоқсанда жер, ауыл шаруашылығы, қаржы саласында ауданда 2022 жылдың 11 айында атқарылған жұмыстары туралы тікелей эфирде Брифинг өткізілді.

          Қамтылған адам саны: 436

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=487233576868672&id=100012151693914&mibextid=Nif5oz

Қарақия ауданы әкімі аппаратының Facebook әлеуметтік желісінің ресми парақшасында 2022 жылы 23 желтоқсанда спорт, әлеуметтік қамсыздандыру саласында ауданда 2022 жылдың 11 айында атқарылған жұмыстары туралы тікелей эфирде Брифинг өткізілді.

          Қамтылған адам саны: 630

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=900641434622863&id=100012151693914&mibextid=Nif5oz

Дата публикации
17 января 2023