Ағымдағы жылдың қазан айында өткізілген іс-шаралар туралы

«Құланды ауылдық округі әкімінің  аппараты»  мемлекеттік мекемесі, Сізге Құланды ауылы әкімшілігіндегі орналасқан өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы арқылы көрсетілген қызметтерге келесідей ақпарат жолдаймыз. 2022 жылдың қазан  айы бойынша  өз-өзіне  қызмет көрсету бұрышы арқылы ЭЦҚ-ны онлайн алуға 9 адам, онлайн анықтамалар алуға 6 адам, жер телімін алуға кезекке тұруға 7 адам,  жұмыссыз ретінде тіркелуге  2 адамға барлығы 24 тұрғынға ЭЦҚ-ны пайдалану жолдары түсіндіріліп,  қызмет көрсетілді.

      Қамтылған адам саны: 24

 «Бостан ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі, ағымдағы жылдың 01-31 қазан айы аралығында Мамандары мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын арттыру және мекемеде орналасқан «өз-өзіне қызмет көрсету» бұрыштарының жұмысын жетілдіру мақсаты бойынша» қызмет көрсетілді.

        Қамтылған адам саны: 30

«Қарақия аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-сі, Мемлекеттік қызметтің ішіндегі қарқынды жұмыс жүріп тұрған қызметтердің бірі ол тұрғын үй кезегіне алу. Осыған байланысты қыркүйек айында «kezekte.kz» электрондық портал арқылы тұрғын үй кезегіне (өз өзіне қызмет көрсету арқылы 20 тұрғынға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп қызмет қабылданды).

         Қамтылған адам саны: 20

            «Сенек ауылының әкімінің аппараты» ММ-нің «Мамандары мемлекеттік қызметтердің көрсетудің санасын арттыру және мекемеде орналасқан «өз өзіне қызмет көрсету» бұрыштарының жұмысын жетелдіру мақсаты бойынша қазан айында  9 адамға түсіндірді.

          Қамтылған адам саны: 9

   Қарақия ауданы әкімі аппаратының Facebook әлеуметтік желісінің ресми парақшасында 2022 жылы 28 қазанда ауыл шаруашылығы саласында ауданда 2022 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстары туралы «Қарақия аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі» ММ-сінің басшысы Құсайынов Сабит Ғазизұлының баяндауымен тікелей эфирде Брифинг өткізілді.

          Қамтылған адам саны: 9

Қарақия ауданы әкімі аппаратының Facebook әлеуметтік желісінің ресми парақшасында 2022 жылы 31 қазанда жер саласында ауданда 2022 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстары туралы «Қарақия аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ-сінің басшысы Мекенова Нағима Қабилуллақызының баяндауымен тікелей эфирде Брифинг өткізілді.

          Қамтылған адам саны: 9

Дата публикации
20 декабря 2022