«Құланды ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, Сізге Құланды ауылы әкімшілігіндегі орналасқан өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы арқылы көрсетілген қызметтерге келесідей ақпарат жолдаймыз. 2022 жылдың қыркүйек айы бойынша өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы арқылы ЭЦҚ-ны онлайн алуға 17 адам, онлайн анықтамалар алуға 3 адам, жер телімін алуға кезекке тұруға 5 адам, әртүрлі өтінімдер беру бойынша 3 адамға барлығы 28 тұрғынға ЭЦҚ-ны пайдалану жолдары түсіндіріліп, қызмет көрсетілді.
Қамтылған адам саны: 28
Ағымдағы жылдың 30 қыркүйек күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті жанындағы ведомтвааралық жұмыс тобының мүшесі Қ.Рахметовпен Қарақия ауданы әкімдігі ауданға қарасты жергелікті атқарушы органдардың тұрғын үй, жер кадастры, сәулет, қалақұрылысы, әлеуметтік сала көрсетілетін қызметтері бойынша Қарақия аудандық ХҚКО бөлімшесінде «Қоғамдық бақылау» жүргізілді.
Қамтылған адам саны: 2
«Бостан ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі, ағымдағы жылдың 01-31 қыркүйек айы аралығында Мамандары мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын арттыру және мекемеде орналасқан «өз-өзіне қызмет көрсету» бұрыштарының жұмысын жетілдіру мақсаты бойынша» қызмет көрсетілді.
Қамтылған адам саны: 52
«Қарақия аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-сі, Мемлекеттік қызметтің ішіндегі қарқынды жұмыс жүріп тұрған қызметтердің бірі ол тұрғын үй кезегіне алу. Осыған байланысты қыркүйек айында «kezekte.kz» электрондық портал арқылы тұрғын үй кезегіне (өз өзіне қызмет көрсету арқылы 12 тұрғынға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп қызмет қабылданды).
Қамтылған адам саны: 12
«Сенек ауылының әкімінің аппараты» ММ-нің «Мамандары мемлекеттік қызметтердің көрсетудің санасын арттыру және мекемеде орналасқан «өз өзіне қызмет көрсету» бұрыштарының жұмысын жетелдіру мақсаты бойынша қыркүйек айында 15 адамға түсіндірді.
Қамтылған адам саны: 15