Қарақия ауданы бойынша 2023 жылға шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 2-10 тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Заңының 7-1-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы №787 «Шетелдіктер туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Қарақия аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Шетелдіктер үшін туристерді орналастыру орындарындағы туристік жарнаның мөлшерлемелері 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда – болу құнының 1 (бір) пайызы бекітілсін.
  2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтүзбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

         Қарақия аудандық

         мәслихатның хатшысы                                                     Ж. Қалаубай

Дата публикации
12 декабря 2022