2022 жылдың 2 тоқсаны бойынша есеп

2022 жылдың 2 тоқсан қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдармен 57 қызмет түрі бойынша 7010  қызмет көрсетілді. Оның ішінде:

- Мемлекеттік органмен қағаз түрінде –41 ;

- Мемлекеттік корпорация арқылы –1141 ;

-«электронды үкімет» веб-порталы арқылы –  5825 қызмет көрсетілді.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау  іс-шаралары жоспарына сәйкес жергілікті атқарушы органдармен 5 бақылау шаралары жүргізілді. Нәтижесінде 39  бұзушылықтар анықталды.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету бағыты бойынша бұзушылықтарды болдырмау және тиісті шараларды қабылдау мақсатында 18  ұсыныс берілді.

Мемлекеттік қызметтердің көрсету сапасын арттыру бойынша 46  түсіндіру шаралары өткізілді (999 адам қамтылды). 

Мемлекеттік қызметтердің көрсету сапасын арттыру мақсатында жергілікті атқарушы органдармен тұрғындарға мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электронды үкімет» веб-порталы арқылы алу жолдары бойынша тұрақты түрде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде: өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары қызмет етеді,  семинарлар  өткізілуде.

Дата публикации
05 июля 2022