«Сенек ауылы әкімінің аппараты» ММ-сі, ағымдағы жылдың 01-31 мамыр айы аралығында «Өз-өзіне қызмет көрсету» бұрыштары бойынша ауыл тұрғындарына түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, дөңгелек үстел өткізілді. Әр түрлі мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ауыл тұрғындарына қызмет көрсетілді.
Қамтылған адам саны: 9
Мұнайшы ауылы әкімдігі электрондық қызмет көрсету бойынша тұрғындардың қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында «Өз-өзіне қызмет көрсету» бұрышы арқылы ағымдағы жылдың 01-31 мамыр айы аралығында «egov.kz» порталы арқылы 33 ауыл тұрғындарына қызмет көрсетілді.
Қамтылған адам саны: 33
«Құланды ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі, ағымдағы жылдың 01-31 мамыр айы аралығында «Өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы» арқылы ЭЦҚ-ны онлайн алуға 8 адам,онлайн анықтамалар алуға 2 адам, жұмыссыз ретінде тіркелуге электронды өтініш беруге 2 адам, әр түрлі өтінімдер беруге 2 адам, барлығы 14 тұрғынға ЭЦҚ ны пайдалану жолдары түсіндіріліп,қызмет көрсетілді.
Қамтылған адам саны: 14
«Жетібай ауылы әкімінің аппараты» ММ-сі, ағымдағы жылдың 01-31 мамыр айы аралығында «Өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы» арқылы жұмыссыздық туралы анықтама алу бойынша 1 тұрғынға қызмет көрсетілді.Тұрғындарға үйден шықпай ақ «еgov.kz» электронды порталы және «egov mobile» қосымшасы арқылы оңай және тез қызмет алу жолдары түсіндірілді.
Қамтылған адам саны: 1
«Қарақия аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ-сі, ағымдағы жылдың 01-31 мамыр айы аралығында тұрғындардың жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту, жер учаскесін алу үшін кезекке қою және сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу өтініштері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге е-лицензия ақпараттық жүйесі арқылы өтініш беруге және алдағы увқытта жер кезек тізімінде бар-жоқтығын е-гов арқылы қарауға болатындығы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар әлеуметтік желіге жер учаскесін алу үшін кезекке қою мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша электронды өтініш беруге арналған видеоролик жарияланды.
Қамтылған адам саны: 26
«Бостан ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі, ағымдағы жылдың 01-31 мамыр айы аралығында мамандар мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын арттыру және мекемеде орналасқан «Өз-өзіне қызмет көрсету» бұрыштарының жұмысын жетілдіру мақсаты бойынша қызмет көрсетті.
Қамтылған адам саны: 15