2022 жылдың 06 мамырында Қарақия аудандық сайлау комиссиясына өзін-өзі ұсыну жолымен Жетібай ауылы әкіміне 3 (үш) кандидат - Шапағат Сырым Арманұлынан, Ельбаев Нурхат Турлановичтен, Мухашева Айжан Нурлыбаевнадан және Болашақ ауылдық округі әкімііне 3 (үш) кандидат - Омирбаев Ерлан Амирбайулынан, Есенкелдіұлы Сыдиықтан, Сагыев Тузелбай Ургенчбаевичтен құжаттар келіп түсті. Кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының талаптарына және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға сәйкестігін анықтау жүргізілуде.