Дін саласында атқарылған жұмыстар туралы

Қарақия ауданында 4 мешіт және 1 намазхана бар. 4 мешіт (Құрық, Жетібай, Мұнайшы және Сенек ауылы) және 1 намазхана (Ст. Ералы). Аталған мешіттерде ахуал тұрақты. Үстіміздегі жылы тұрғындар тарапынан діни бағытта 3 өтініш келіп түсті. 1-өтініш Құланды ауылының бір топ азаматтарынан мешіт салуға қоғамдық тыңдау өткізуге рұқсат сұрау, қалған екі өтініш ст.Ералы тұрғындары тарапынан түсіндіру жұмыстарын жүргізу бағытында болды. Діни экстремизм мен терроризм әрекетінің  алдын алу бағытында 2019 жыл бойынша 33 кездесу өтіп, оған 1974 адам қамтылды. Кездесулер колледж, мектеп және ауданға қарасты өндірістік мекемелерде, атап айтқанда  Құрық порты, Тасбулат Ойл, Мұнайтелеком, Вест Ойл, OSC, OСС, МаңғыстауЭнергоМұнай мекемелерінде өтті. Қарақия ауданы бойынша діни экстремизм және терроримзнің алдын алу, діни ахуалға талдау жасау мақсатында Қарақия аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің 2019 жылға жоспарлаған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында 1 000 000 теңгеге «Терроризм әрекетінің және діни экстремизмнің алдын-алу, этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту қызметтерін ұйымдастыру»  тақырыбындағы лотта сәуір айынан бастап  "Ажар-ай" қоғамдық қоры жеңімпаз деп танылып (799 999 теңге), жоспарға сәйкес жұмыстарын жүргізіп келеді. Аталған қор тарапынан теолог маманы шақыртыла отырып, маусым айынан бастап дәстүрлі емес діни бағытты ұстанатын тұлғалармен 35 кездесу жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде, теолог тарапынан 4 (3 ер, 1 әйел) адам оңалды деп анықтама беріліп, ҰҚК-ге ұсынылды. Өңірде теолог маманның тапшылығына байланысты алғашқы кезеңде Қарақия аудандық орталық мешіттің бас имамы Т.Хамиттің көмегімен  дәстүрлі емес діни бағытты ұстанатын 6 азаматпен оңалту жұмыстары жүргізілді. (Жетібай ауылы бойынша 4 азамат, Құрық ауылы бойынша 2 азамат. Сондай-ақ, теріс діни бағыттағы тұлғалардың жұбайларымен де жұмыс жүргізу мақсатында әйел теолог Аян Нұржақыпты шақырта отырып 3 әйелмен кездесу өтті.

 

Дата публикации
28 апреля 2020