2019 жылы ҮЕҰ-дар арасында 5 000 000 теңгеге, 5 тақырыпта конкурс өткізілді. Лот тақырыптары:
1.Ана мен сәби өлімінің алдын алу бағытында шаралар ұйымдастыру. Қаржысы – 500 000 теңге.
2.Ардагерлер ұйымдарының қызметін жандандыру және ауған соғысы ардагерлеріне қолдау көрсету бағытында шаралар ұйымдастыру. Қаржысы – 1 000 000 теңге.
3.Терроризм әрекетінің және діни экстремизмнің алдын-алу, этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту қызметтерін ұйымдастыру. Қаржысы – 1 000 000 теңге.
4.Қарақия аудандық ресурстық орталықтың қызметін ұйымдастыру арқылы үкіметтік емес ұйымдар секторын дамыту. Қаржысы – 1 000 000 теңге.
5.Қарақия ауданы әкімдігі көрсететін мемлекеттік қызметтердің сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Қаржысы – 1 500 000 теңге.
2019 жылы аудан бойынша қазіргі уақытта Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің үкіметтік емес ұйымдар бойынша дерекқорына уақытылы есеп тапсырған үкіметтік емес ұйымдардың саны – 11. Аудан бойынша тіркелген он үш (13) үкіметтік емес ұйымдардың он екісіне жеке-жеке дерекқор жөнінде ақпарат берілді. Бір үкіметтік емес ұйым директорының мекен-жайы нақтыланып, ескерту хат жолданды. Қазіргі уақытта он бір (11) үкіметтік емес ұйым дерекқорға тіркелді. Барлық үкіметтік емес ұйымдарға уәкілетті органға атқарылған жұмыстары туралы есеп беру қажет екені жеткізілді. Қорытынды жұмыстар бойынша жұмыс жасамайтын үкіметтік емес ұйымдарды (ерікті немесе мәжбүрлі түрде) жабу туралы ұсыныс хат аудандық кірістер басқармасына жолданды. Осы бағытта, Салық кодексінің 93-бабымен салық төлеушілер қызметін мәжбүрлі түрде таратудың тәртібі бойынша "БЕКЕТ-АТА" қоғамдық қоры №271 бұйрығымен 29.11.2019 жылы жабылды және "Құрық рухани" қоғамдық қоры өз өтініші бойынша №196 бұйрығымен 11.09.2019 жылы жабылды. Сонымен қатар, өз өтініші бойынша "Сүйіндік" Қамқоршылық кеңесі» қоғамдық қорын өз өтініші бойынша жабу процесі жүруде. 2019 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 15 іс-шара өтті. «Ардагерлер ұйымдарының қызметін жандандыру бойынша шараларды ұйымдастыру» тақырыбы бойынша «Ажар-ай» қоғамдық қорының ұйымдастырумен 4 шара, «Терроризм әрекетінің және діни экстремизмнің алдын-алу, этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту қызметтерін ұйымдастыру» тақырыбы аясында "Ажар-ай" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында аудан аумағындағы 35 кездесу өткізіліп. «Ажар-ай» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Қарақия аудандық ресурстық орталықтың қызметін ұйымдастыру арқылы үкіметтік емес ұйымдар секторын дамыту» тақырыбында 4 шара және «Қолдау-Қазақстан» жеке меншік мекемесінің ұйымдастыруымен «Қарақия ауданы әкімдігі көрсететін мемлекеттік қызметтердің сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбы аясында 7 шара өтті.