Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27 бабының 9 тармағына және 50 бабының 2 тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қарақия ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 17 қыркүйектегі №203 «Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны өтеу үшін қоғамдық жұмыстардың түрлерін белгілеу туралы» қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3039 болып тіркелген, 2018 жылғы 16 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
- «Қарақия аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Б.Абилов) осы қаулының Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін және оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Төретаевқа жүктелсін.
- Осы қаулы Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім Қ. Беков