Ауданымызда тұрақты түрде дене шынықтыру мен спортпен шұғылданушы тұрғындар саны - 15418, бұл аудан халқының 40,5 %-ын құрайды.
Өткен жылы 57 бұқаралық және ұлттық спорт түрлері, 39 жергілікті, 3 республикалық және 1 халықаралық деңгейдегі жарыстар өткізілді.
«НКОК» компаниясының қаржыландыруымен Сенек ауылында /жобалық құны 220,0 млн. құрайтын/ спорт залы пайдалануға берілді. Аталған нысан 112 жасөспірімді спорттық үйірмелермен қамтып, 12 жаңа жұмыс орны ашылды.
Сонымен бірге, аудан бойынша өткен жылы барлығы 6 ашық спорт алаңы іске қосылса, биылғы жылы 7 ашық спорт алаңын салу жоспарлануда.
Құрық ауылындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі стадионының футбол алаңын стандартқа сәйкес келтіру үшін 8 метрге ұзарту жұмыстары басталады.