Коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтардың НАЗАРЫНА!

Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының        9-бабы 1-тармағына сәйкес қоғамдық кеңестер құру жөніндегі жұмысшы тобы қоғамдық кеңестер мүшелігіне конкурс жариялайды.

Осыған орай, коммерциялық емес ұйымдар мен 18 жасқа толған және Қарақия ауданы аумағында тұратын азаматтар 2022 жылғы 14 қаңтарды қоса алғандағы мерзім ішінде конкурсқа қатысу үшін келесідей құжаттарды пошта арқылы немесе жеке ұсынуға болады:

  • кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші:
  • кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер ұсынылады.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат:

  • сотталғандығы болмауы;
  • сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;
  • психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмауға тиіс.

Кандидаттар туралы ұсыныстар ағымдағы жылдың 14 қаңтарды қоса алғандағы мерзім ішінде аудандық мәслихатқа мына мекенжайға ұсынылу керек:

Құрық ауылы, Досан Батыр көшесі, 8 ғимарат, 108-бөлме.

Байланыс телефоны: 21255.

Эл.пошта: karakia-maslikhat01@mangystau.gov.kz.

 

Қарақия ауданының қоғамдық

кеңестер құру жөніндегі жұмысшы тобы.

Дата публикации
30 декабря 2021