Ағымдағы жылдың қараша айында өткізілген іс-шаралар туралы

Ағымдағы жылдың 15-қараша күні Қарақия аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің басшылығы және Халыққа қызмет көрсету орталығы өкілінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізіліп, дене шынықтыру және спорт саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызмет қағидаларына енгізілген өзгерістер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ұсыныстар талқыланды.Адам саны-3.

«Сенек  ауылы әкімінің аппараты» ММ-сі, ағымдағы жылдың 01-31 қараша айы аралығында «Өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы» арқылы тұрғындарға қызмет көрсетілді.

Қамтылған адам саны: 11

«Жетібай  ауылы әкімінің аппараты» ММ-сі, ағымдағы жылдың 01-31 қараша айы аралығында «Өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы» арқылы тұрғындарға ЭЦҚ кілтін алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қамтылған адам саны: 20

 “EGov mobile” қосымшасы арқылы денсаулықтың электрондық төлқұжаты, оның ішінде пациенттің денсаулық жағдайы туралы түсіндіру туралы әлеуметтік желі (Facebook.com) парақшасында 1 видеоролик жарияланды.Egov.kz порталы арқылы барлық салықтар мен бюджетке төленетін міндетті төлемдерді төлеу қызметін пайдалану бойынша  түсіндіру туралы әлеуметтік желі (Facebook.com) парақшасында 1 видеоролик жарияланды.

«Бостан ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі, ағымдағы жылдың 01-31 қараша айы аралығында «Өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы» арқылы ауыл тұрғындарына қызметтер көрсетілді.

Қамтылған адам саны: 25

«Құланды ауылдық округі әкімінің  аппараты»  ММ-сі, ағымдағы жылдың 01-31 қараша айы аралығында «Өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы» арқылы ЭЦҚ-ны онлайн алуға 3 адам, онлайн анықтамалар алуға 3 адам,  egov.kz порталы арқылы жұмыспен қамту мәселелері  бойынша  4 адам, барлығы  10 тұрғынға ЭЦҚ-ны пайдалану жолдары түсіндіріліп,  қызмет көрсетілді.

Дата публикации
07 декабря 2021