Қарақия ауданы Мұнайшы ауылы әкімінің сайлауын тағайындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес Қарақия аудандық сайлау комиссиясы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қарақия ауданы Мұнайшы  ауылы  әкімінің сайлауы  2021 жылдың 07 қарашасына тағайындалсын.
  2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2021 жылдың 07 қарашасына тағайындалған Қарақия ауданы Мұнайшы ауылы әкімінің сайлауын әзірлеу және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  3. Осы қаулы Қарақия аудандық сайлау комиссиясының сайтында және аудандық «Қарақия» газетінде жариялансын.

 

Қарақия аудандық сайлау комиссиясының

төрағасы                                        А. Мееров

 

Қарақия аудандық сайлау комиссиясының

хатшысы                                        Г. Жайылханова

Дата публикации
09 октября 2021