Қарақия ауданы Мұнайшы ауылының әкімін сайлау жөнінде сайлау округін құру туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес, Қарақия аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қарақия ауданы Мұнайшы ауылының  әкімін сайлау жөнінде  Мұнайшы ауылының шекарасында сайлау округі құрылсын.
  2. Сайлау округінің   тізімі,  оның   шекарасы  мен   аудандық  сайлау

комиссиясының орналасқан орны көрсетіле отырып, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

 

Қарақия аудандық сайлау комиссиясының төрағасы

А. Мееров

 

Қарақия аудандық сайлау комиссиясының хатшысы

Г. Жайылханова

Дата публикации
09 октября 2021