Ағымдағы жылдың қыркүйек айында өткізілген іс-шаралар туралы

«Қарақия аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ-сі, ағымдағы жылдың 13 және 15 қыркүйек айы аралығында отбасы күніне орай «Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» қызметі бойынша екі рет шара өткізіліп (Facebook.com) элеуметтік желіге жарияланды.

«Қарақия аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» басшысы Чукин Асан Адилович ағымдағы жылдың 15 қыркүйек айында «Adaldyq Alany»тікелей эфирінде Мемлекеттік қызметтің ішіндегі қызметтердің бірі «Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңіндегі жұмысқа әзірлік паспортын беру» туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді, тұрғындардан келіп түскен сұрақтарға жауап берілді.

Ағымдағы жылдың 21 қыркүйегінде «Қарақия аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы» ММ-сі, Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек бойынша ауданға қарасты ауыл, ауылдық округ әкімдіктерінің бас мамандарымен «ZOOM» платформасы арқылы жиналыс өткізілді.

Қамтылған адам саны: 8.

Ағымдағы жылдың 23 қыркүйегінде Қарақия адалдық алаңында «Қарақия аудандық экономика және қаржы» бөлімінің басшысы Жанайбаева Айнагүл Мұратқызы тікелей эфирде «Аудандық бюджеттің атқарылуы және коммуналдық мүлікті басқару мәселелері» тақырыбында баяндап, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.

Ағымдағы жылдың 24 қыркүйек айында «Қарақия ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мониторингі және цифрландыруды дамыту» бөлімшесінің басшысы А.Жұмағалиева, «Қарақия аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» бөлімінің бас маманы Н.Садақбаева, мемлекеттік корпорация қызметкерлеріне мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің (Әскери қызметке шақыруды кейiнге қалдыру, Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату, Тұрғын үй сертификаттарын беру, Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру) нормативтік құқықтық актілерінің көрсетілу тәртібі туралы түсіндіру семинарын өткізді.

Қамтылған адам саны: 7

Ағымдағы жылдың 29 қыркүйегінде «Қарақия ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мониторингі және цифрландыруды дамыту» бөлімшесінің басшысы А.Жұмағалиева, ауданға қарасты жергілікті атқарушы органдардағы жауапты мамандар, мемлекеттік корпорация қызметкерлеріне мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің нормативтік құқықтық актілерінің көрсетілу тәртібі туралы түсіндіру  семинарын өткізді.

Семинардың басты мақсаты - мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы жұмыскерлердің құзыреттілігін дамыту, сондай-ақ халықтың көрсетілген қызметтерге қанағаттанушылығы деңгейін арттыру.

Семинар соңында ұсыныс пікірлер тыңдалып, назарға алынды.

Қамтылған адам саны: 12

«Жетібай ауылы әкімінің аппараты» ММ-сі, а.ж. 30 қыркүйегінде “egov_mobile” қосымшасы арқылы электронды цифрлы қолтаңба (ЭЦҚ) алу бойынша түсіндіру туралы әлеуметтік желі (Facebook.com) парақшасында       1 видеоролик жарияланды.

 «Құланды ауылдық округі әкімінің  аппараты»  мемлекеттік мекемесі, «Өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы арқылы» а.ж. 01-30 қыркүйек айы аралығында  ЭЦҚ-ны онлайн алуға 4адам, онлайн анықтамалар алуға 6 адам,  egov.kz порталы арқылы жұмыспен қамту мәселелері  бойынша 1 адам, шаруа қожалықтардың кәсібін бастағандығы жөнінде анықтама(талон) 1 адам, барлығы  12 тұрғынға ЭЦҚ-ны пайдалану жолдары түсіндіріліп, қызмет көрсетілді.

Ағымдағы жылдың 01-30 қыркүйек айы аралығында «Қарақия аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы» ММ-сі, «Өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы» арқылы тұрғындарға «Egov.kz» және «Egov_mobile» қосымшалары арқылы оңай қызмет алу жолдарын түсіндіру жұмыстары атқарылды.

Қамтылған адам саны 10.

Ағымдағы жылдың 01-30 қыркүйек айының аралығында «Бостан ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі, «Өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы» арқылы тұрғындарға ЭЦҚ-кілтін және «Алеуметтік көмек тағайындау» қызметтерін алу жолдарын түсіндірілді.

Қамтылған адам саны: 27

«Жетібай ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, ағымдағы жылдың 01-30 қыркүйек айы аралығында «Өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы» арқылы барлығы 14 тұрғынға қызмет көрсетілді. Оның ішінде 7-еуі №3, №8 жалпы білім беру мектебі және №9 бастауыш білім беру мектебі зейнетақы аударымдары туралы анықтамасы сұратылды.

Ағымдағы жылдың 01-30 қыркүйек айы аралығында «Сенек  ауылы әкімінің аппараты» ММ-сі «Өз-өзіне қызмет көрсету» бұрышы арқылы тұрғындарға онлайн форматта қызмет алу жолдарын түсіндірді.

Қамтылған адам саны: 17.

«Мұнайшы ауылы әкімінің аппараты» ММ-сі, «Өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы» арқылы тұрғындардың қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылдың 01-30 қыркүйек айы аралығында әкімдік қызметкерлері «e.gov» порталы арқылы ауылымыздың тұрғдарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Қамтылған адам саны: 15

 

Дата публикации
05 октября 2021