30.03.2020 Press_secretary Ақпараттар бюросы, Жер қатынастары бөлімі, конкурстар (аукциондар, конкурстар мен аукциондар 0
Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттық (аукцион) өткізу туралы хабарландыру
Құрметті әлеуетті сауда-саттыққа қатысушылар! «Қарақия аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ-сі 2021 жылы 06 қазан сағат 11:00-де (Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша) Мемлекеттік мүлік тізілімінің www.gosreestr.kz веб-порталында жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі бағасын көтеру әдісі бойынша электрондық аукцион өткізеді.
Аукционға қатысуға өтінім беру Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 290 бұйрығымен бекітілген «Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды), оның ішінде электрондық түрде ұйымдастыру және өткізу қағидасына» сәйкес қабылданады.
Аукционға қатысуға өтінімдерді беру және тіркеу аукцион өткізу туралы хабарландыру тізілімнің веб-порталында жарияланған күннен бастап жүргізіледі және аукцион басталғанға дейін екі сағат бұрын аяқталады, содан соң қатысушылар берген өтінімдерін кері қайтара алмайды.
Аукционға қатысу үшін мыналарды:
1) жеке тұлғалар үшін:
— жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – ЖСН), тегін, атын, әкесінің атын (бар болса);
2) заңды тұлғалар үшін:
— бизнес сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – БСН), толық атауын, бірінші басшының тегін, атын, әкесінің атын (бар болса);
3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп-айырысу шотының деректемелерін;
4) байланыс деректерін (почталық мекенжайы, телефоны, факс, e-mail) көрсете отырып, тізілімнің веб-порталында алдын-ала тіркелу қажет.
Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін нысан бойынша қатысушының ЭЦҚ қол қойылған сауда-саттыққа қатысуға өтінімді тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Қатысушының хабарламада көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілдік жарнаның сауда-саттық басталғанға дейін екі сағат бұрын түспеуі тізілім веб-порталының өтінімді қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Тізілімнің веб-порталы автоматты тексеру нәтижелері бойынша тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электрондық мекенжайына өтінімді қабылдау не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді.
Аукционға жіберілген қатысушыға тізілімнің веб-порталы беретін аукцион нөмірі бойынша аукцион залына кіруге рұқсат беріледі.
Аукционға қатысушылар аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана отырып, аукцион залына кіреді. Аукцион сату объектісінің бастапқы құнын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша басталады.
Әрбір сатылған сату объектісі бойынша аукцион нәтижелері сауда-саттық нәтижелері туралы электрондық хаттамамен ресімделеді, оған сатушы және жеңімпаз ЭЦҚ пайдалана отырып, сауда-саттық өткiзiлген күнi тізілімнің веб-порталында қол қояды.
Сауда-саттық нәтижелері туралы хаттама аукцион нәтижелерін және жеңімпаз бен сатушының сату объектісін сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою міндеттемесін белгілейтін құжат болып табылады.
Сатып алу-сату шарты немесе жалдау шарты электрондық форматта тізілімнің веб-порталында жасалады және сатушы мен сатып алушы ЭЦК пайдалана отырып сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде оған қол қояды. Бұл ретте сатушы сатып алушыға сауда саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойған күннен бастап күнтізбелік бес күннен аспайтын мерзімде қол қоюға сатып алу-сату шартының жобасын ұсынады.
Аукционға қатысу үшін кепілдік жарналар мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың төмендегі шотына төленеді:
Төлемді алушы: «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ; БСН: 050540004455; ТТК: 171; БЕК: 16.
Банк аталуы: «Қазақстан Халық Банкі» АҚ; ЖСК: KZ946017111000000330; БСК: HSBKKZKX.
Төлем мақсаты: Электрондық аукционға қатысу үшін кепілдік жарна.
Назар аударыңыз! Жеңiмпазға ол сауда-саттықтардың нәтижелерi туралы хаттамаға не сатып алу-сату шартына қол қоймаған жағдайда кепiлдiк жарнаны қайтармайды.
Қалған барлық жағдайларда кепілдік жарналар аукционға қатысушы бірыңғай операторға тізілімнің веб-порталында қатысушының қол қойылған ЭЦҚ арқылы, өтініш берген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қайтарылады.
Аукционға бағаны көтеру әдісімен келесі сату объектілері қойылады:
|
Қатар саны |
Жер учаскесінің мекен-жайы |
Жер учаскесінің нысаналы мақсаты |
Жер учаскесінің ауданы (га) |
Сату объектісі (құқық түрі) |
Жер учаскесіне шектеулермен ауыртпашылықтар |
Бастапқы баға (теңге) |
Кепілдік жарна жер учаскесінің 5 % қүрайды, бірақ 50 айлық есептік көрсеткіштен кем болмауы керек (теңге) |
Жер учаскесіне 1 жылға қойылатын салық мөлшері (теңге) |
|
1 |
Қарақия ауданы, босалқы жер қоры, Бекет-Ата тас жолы бойынан |
Кемпинг құрылысын салу үшін |
0,18 |
Жеке меншік |
|
209 700 |
145 850 |
60 |
|
2 |
Жетібай ауылы, «Ұлутас» ЖШС-нің өндірістік базасының жанынан |
Көпфункционалды қызмет көрсету орталығының құрылысын салу үшін |
0,5 |
Жеке меншік |
|
3 350 000 |
167 500 |
3600 |
|
3 |
Қарақия ауданы, Аққұдық елді-мекені жерінен |
АГҚС құрылысын салу үшін |
0,1 |
Жеке меншік |
|
126 000 |
145 850 |
720 |
|
4 |
Қарақия ауданы, Мұнайшы ауылы жерінен |
Тауық фермасын салу үшін |
0,9 |
6 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы |
|
6 030 000 |
145 850 |
5184 |
|
5 |
Құрық ауылы, 5 шағын ауданы жерінен |
Кәсіпкерлік нысан құрылысын салу үшін |
0,015 |
Жеке меншік |
|
106 800 |
145 850 |
106 |
|
6 |
Құрық ауылы, 5 шағын ауданы жерінен |
Кәсіпкерлік нысан құрылысын салу үшін |
0,01 |
Жеке меншік |
|
71 200 |
145 850 |
72 |
|
7 |
Құрық ауылы, Авиатор көшесі жерінен |
Кәсіпкерлік нысан құрылысын салу үшін |
0,05 |
Жеке меншік |
|
356 000 |
145 850 |
360 |
|
8 |
Құрық ауылы, 2 шағын ауданы жерінен |
Көп қабатты тұрғын үй кешені құрылысын салу үшін |
0,5 |
6 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы |
|
4 450 000 |
145 850 |
2880 |
|
9 |
Құрық ауылы, Құрық-Ақтау тас жолынан 1,5 км |
Кәсіпкерлік нысан құрылысын салу және пайдалану үшін |
0,1700 |
Жеке меншік |
|
1 513 000 |
145 850 |
1224 |
|
10 |
Құрық ауылы, Құрық-Ақтау тас жолынан 1,3 км |
Кәсіпкерлік нысан құрылысын салу және пайдалану үшін |
0,1750 |
Жеке меншік |
|
1 557 000 |
145 850 |
1260 |
|
11 |
Құрық ауылы, Сырым Датұлы көшесі жерінен |
Құрылыстар мен ғимараттарға қызмет көрсету үшін |
0,0144 |
Жеке меншік |
|
128 160 |
145 850 |
104 |
Ұйымдастырушы: «Қарақия аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ-сі, анықтама алу үшін телефон: 8 (72937) 2-18-00.