Ағымдағы жылдың тамыз айында өткізілген іс-шаралар туралы

«Бостан ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі а.ж. 01.08-31.08.2021 жыл аралығында «Мамандары мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын арттыру және мекемеде орналасқан «өз-өзіне қызмет көрсету» бұрыштарының жұмысын жетілдіру мақсаты бойынша» 102 тұрғынға түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

«Жетібай ауылы әкімінің аппараты» ММ-сі а.ж. 01.08-30.08.2021 жыл аралығында «Өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы» арқылы жұмыссыздыққа тіркеу, анықтамалар алу бойынша тұрғындарға қызмет көрсетті. Тұрғындарға үйден шықпай-ақ “egov.kz” электронды порталы  және “egov mobile” қосымшасы арқылы оңай және тез қызмет алу жолдары түсіндірілді.

Қамтылған адам саны: 116.

«Құланды ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, а.ж. 01.08-30.08.2021 жыл аралығында «Өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы» арқылы ЭЦҚ-ны онлайн алуға 4 адам, онлайн анықтамалар алуға 3 адам,  «egov.kz» порталы арқылы жұмыспен қамту мәселелері  бойынша 1 адам, шаруа қожалықтардың кәсібін бастағандығы жөнінде анықтама(талон) 5 адам, барлығы 15 тұрғынға ЭЦҚ-ны пайдалану жолдарын түсіндіріп,  қызмет көрсетті.

«Мұнайшы ауылы әкімі аппараты» ММ-сі ағымдағы жылдың шілде айының 01-30 күндері аралығында «e.gov» порталы арқылы ауылымыздың 81 тұрғынына 14 қызмет түрі көрсетілді.

«Сенек  ауылы әкімінің аппараты» ММ-сі ағымдағы жылдың 01.08-30.08.2021 жыл аралығында тұрғындарға “Egov.kz” және “Egov Mobile” қосымшалары арқылы қызметтер алу жолдары түсіндіріліп қызмет көрсетілді.

Қамтылған адам сан: 7

Қарақия аудандық халықты жұмыспен қамту» орталығы мемлекеттік мекемесінің мамандары ағымдағы жылдың 02-31 тамыз айы аралығында «Өз-өзіне қызмет көрсету» бұрышы арқылы 44 тұрғынға қызмет көрсетіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

 

 

Дата публикации
14 сентября 2021