Учаскелік сайлау комиссиясына арналған оқыту семинары өтті

       Қарақия аудандық сайлау комиссиясы 2021 жылдың 25 шілдесіне тағайындалған Маңғыстау облысы Қарақия ауданы  Құланды ауылдық округі әкімінің сайлауына байланысты  07 шілде күні  оқыту семинарын өткізді. Семинарға Құланды  ауылының № 159 учаскелік сайлау комиссиясының  мүшелері қатысты. 

      Шара барысында сөз алған аудандық сайлау комиссиясының төрағасы А.Мееров, сайлау науқаны кезеңінде учаскелік сайлау комиссиясының міндеттерін, құқықтарын түсіндіріп өтті. Сонымен бірге, өткен сайлау науқанын ұйымдастыру мен өткізу кезінде орын алған олқылықтар мен кемшіліктердің алдын алу бағытындағы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

      Сайлау науқанын тез, әрі ашық түрде өткізу әдістерін, БАҚ құралдарымен және сайлаушылармен қарым-қатынастағы мәдениеттілікті оқытты. 

 

Дата публикации
07 июля 2021