Аудан бойынша 10 үкіметтік емес ұйым бар. Үкіметтік емес ұйым дерекқорына барлығы да есептерін уақытылы ұсынды. 2021 жылы Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа 3 млн теңге бөлініп, 2 ЛОТ бойынша конкурс жарияланды. 1. Деструктивті діни ағымды ұстанушылар арасында ақпараттық-түсіндіру және оңалту шараларын ұйымдастыру; (2 млн теңге)
2. Қарақия ауданы әкімдігі көрсететін мемлекеттік қызметтердің сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу (1 млн теңге)7
Жоғарыда көрсетілген мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа «Парасат» үкіметтік емес ұйымы қатысып, нәтижесінде мемлекеттік сатып алуды екі өтінімнен кем ұсынылуына байланысты өтпеген деп танылды.
2021 жылдың 10 наурызы күні Деструктивті діни ағымды ұстанушылар арасында ақпараттық-түсіндіру және оңалту шараларын ұйымдастыру тақырыбында әлеуметтік тапсырыс қайтадан жарияланды. МӘТ-қа бір өтінім түсуіне байланыста өтпеген деп танылды.
Қажеттілікке байланысты «Қарақия ауданы әкімдігі көрсететін мемлекеттік қызметтердің сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу» тақырыбындағы МӘТ-тың орнына Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың «Еститін мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру, сыбайлас жемқорлық деңгейін анықтау бағытында жұмыстар жүргізу үшін «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында 29.03.2021 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында ЛОТ жарияланып, 18.04.2021 жылы аяқталды. Нәтижесінде аталған ЛОТ-қа ешқандай ҮЕҰ қатыспады.
21.04.2021 жылы Деструктивті діни ағымды ұстанушылар арасында ақпараттық-түсіндіру және оңалту шараларын ұйымдастыру тақырыбында МӘТ қайта жарияланды. Кезекті МӘТ-қа екі ҮЕҰ қатысып, тиісті құжаттарын толық тапсырмауына байланысты жеңімпаз анықталмады.
27.04.2021 жылы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында МӘТ-қа өтінім түспеді. І жарты жылдықтың аяқталуына байланысты әр ЛОТ-қа бөлінген қаражат 50% - ға қысқартылып, 15.07.2021 жылы жаңадан жарияланды. Өтінім түспеуіне байланысты, 12.08.2021 жылы қайта жарияланды.
Конкурс мерзімі 22.08.2021 жылы аяқталады.