«Бостан ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі а.ж. 01.07-30.07.2021 жыл аралығында «Мамандары мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын арттыру және мекемеде орналасқан «өз-өзіне қызмет көрсету» бұрыштарының жұмысын жетілдіру мақсаты бойынша» 30 тұрғынға түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
«Жетібай ауылы әкімінің аппараты» ММ-сі а.ж. 01.07-30.07.2021 жыл аралығында «Өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы» арқылы жұмыссыздыққа тіркеу, анықтамалар алу бойынша тұрғындарға қызмет көрсетті. Тұрғындарға үйден шықпай-ақ “egov.kz” электронды порталы және “egov mobile” қосымшасы арқылы оңай және тез қызмет алу жолдары түсіндірілді.
Қамтылған адам саны: 89.
«Құланды ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, а.ж. 01.07-30.07.2021 жыл аралығында «Өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы» арқылы ЭЦҚ-ны онлайн алуға 4 адам, онлайн анықтамалар алуға 3 адам, «egov.kz» порталы арқылы жұмыспен қамту мәселелері бойынша 1 адам, шаруа қожалықтардың кәсібін бастағандығы жөнінде анықтама(талон) 5 адам, барлығы 13 тұрғынға ЭЦҚ-ны пайдалану жолдарын түсіндіру қызметін көрсеті.
«Мұнайшы ауылы әкімі аппараты» ММ-сі ағымдағы жылдың шілде айының 01-30 күндері аралығында «egov» порталы арқылы ауылымыздың 34 тұрғынына 8 қызмет түрін көрсетті.
«Сенек ауылы әкімінің аппараты» ММ-сі ағымдағы жылдың 01.07-30.07. аралығында тұрғындарға “Egov.kz” және “Egov Mobile” қосымшалары арқылы қызметтер алу жолдары түсіндіріліп, қызмет көрсетілді.
Қамтылған адам сан: 6