ҚАРАҚИЯ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ШЕШІМІ. Қарақия ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы

               Құрық ауылы       №___       2021 жылғы шілде

 

Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының Экология кодексі»  №400- VI ҚРЗ Кодексінің 365 бабының 2, 3 тармағының 2 тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 15 қазандағы №409 «Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы №145 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығына сәйкес Қарақия аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қарақия ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Қарақия аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

1) Қарақия аудандық мәслихатының 2016 жылғы 9 желтоқсандағы №6/63 «Қарақия ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2017 жылғы 11 қаңтарда №3246 болып тіркелген, 2017  жылы  18 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);

2) Қарақия аудандық мәслихатының 2016 жылғы 9 желтоқсандағы №6/63 «Қарақия ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2019 жылғы 18 маусымда №3930 болып тіркелген, 2019  жылы  26 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);

  1. «Қарақия аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Р.Ибраева) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
  2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

   Лауазымы                                            Аты – жөні     

                                                                 

 Қарақия  аудандық   мәслихатының  2021  жылғы  шілдедегі  №           шешіміне қосымша

 

Қарақия ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары

№

Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер

Есептік бірлік

ҚТҚ жинақталу орташа жылдық нормасы, м3

1

2

3

4

1

Жайлы және жайлы емес үйлер

1 тұрғын

1,79

2

Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар

1 орын

1,145

3

Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері

1 орын

-

4

Балабақшалар, бөбекжайлар

1 орын

0,235

5

Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері

1 қызметкер

0,67

6

Емханалар

1 келіп кету

0,14

7

Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері

1 төсек-орын

2,145

8

Мектептер және өзге де оқу орындары

1 оқушы

0,155

9

Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері

1 отыратын орын

0,4

10

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түңгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы

1 отыратын орын

0,175

11

Мұражайлар, көрмелер

Жалпы алаңы

1 м2

-

12

Стадиондар, спорт алаңдары

Жоба бойынша

1 орын

0,06

13

Спорт, би және ойын залдары

Жалпы алаңы

1 м2

0,06

14

Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер

Сауда алаңы

1 м2

0,54

15

Машиналардан сату

Сауда орнының

1 м2

-

16

Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер

Сауда алаңы

1 м2

0,25

17

Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары

Жалпы алаңы

1 м2

-

18

Өнеркәсіптік тауарларының көтерме базалары, қоймалары

Жалпы алаңы

1 м2

-

19

Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету

Жалпы алаңы

1 м2

-

20

Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар

Жалпы алаңы

1 м2

-

21

Жағажайлар

Жалпы алаңы

1 м2

-

22

Дәріханалар

Сауда алаңы

1 м2

0,275

23

Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС, гараждар

1 машина-орын

1,565

24

Автомобиль шеберханалары

1 жұмысшы

-

25

Гараж кооперативтері

1 гаражға

-

26

Шаштараздар, косметикалық салондар

1 жұмыс орны

0,84

27

Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі

Жалпы алаңы

1 м2

0,22

28

Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары

Жалпы алаңы

1 м2

0,16

29

Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар)

1 жұмыс орны

-

30

Моншалар, сауналар

Жалпы алаңы

1 м2

0,26

31

Ауданның аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар

1000 қатысушы

-

32

Бау-бақша кооперативтері

1 учаске

-

Ескертпе:

ҚТҚ  түзілу нормасы белгіленбеген, себебі ҚТҚ тасымалдауды келісім шарт негізінде арнайы ұйымдар арқылы көліктермен сауда базар аумағында өздері жүзеге асырады.

ҚТҚ түзілу нормасы белгіленбеген, себебі ҚТҚ тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдардың  мәліметі бойынша аталған нысандар Қарақия ауданының Құрық және Жетібай ауылдарының аумағында орналасқан.

Аббреавиатураның ажыратып жазылуы:

ҚТҚ – қатты тұрмыстық қалдық;

АЖС – автокөліктерге жанармай құю станциясы;

м2 – шаршы метр;

м3 – текше метр.

 

 

 

 

 

 

         

 

Дата публикации
07 июля 2021