Қарақия ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңына сәйкес, Қарақия ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қарақия ауданы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

   1) Қарақия ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 25 мамырдағы «Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» № 126 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3373 болып тіркелген);

  2) Қарақия ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 11 мамырдағы «Қарақия ауданы бойынша ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» № 110 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3615 болып тіркелген).

  1. «Қарақия аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Аудан әкімі                                                         Қ. Беков

 

 

 

 

 

Дата публикации
02 июля 2021