Қарақия ауданы Құланды ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы қаулы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес Қарақия аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қарақия ауданы Құланды ауылдық округі әкімінің сайлауы 2021 жылдың 25 шілдесіне тағайындалсын.    
  2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2021 жылдың 25 шілдесіне тағайындалған Қарақия ауданы Құланды ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  3. Осы қаулы Қарақия адандық сайлау комиссиясының сайтында, облыстық «Маңғыстау» және аудандық «Қарақия» газетінде жариялансын.

 

Қарақия аудандық

сайлау комиссиясының төрағасы                А. Мееров

 

Қарақия аудандық

сайлау комиссиясының хатшысы          Г. Жайылханова

 

 

 

Дата публикации
25 июня 2021