Ағымдағы жылдың мамыр айында өткізілген іс-шаралар туралы

«Құланды ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 2021 жылдың мамыр айы бойынша өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы арқылы ЭЦҚ-ны онлайн алуға 3 адам, онлайн анықтамалар алуға 2 адам, egov.kz порталы арқылы жұмыссыздыққа тіркелу бойынша 1 адам, балабақшаға кезекке қою бойынша 4 адам  қызмет көрсету бұрышына жүгініп, барлығы 10 тұрғынға ЭЦҚ –ны пайдалану жолдары түсіндіріліп, қызмет көрсетілді.

Қамтылған адам саны-10

Ағымдағы жылдың 17 мамырында«Бостан ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-ніңмамандары мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын арттыру және мекемеде орналасқан «өз-өзіне қызмет көрсету» бұрыштарының жұмысын жетілдіру мақсаты бойынша тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Қамтылған адам саны-20

«Жетібай ауылы әкімі аппараты» ММ-сі «Өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы» арқылы жұмыссыздыққа тіркеу, Атаулы әлеуметтік көмек бойынша тұрғынға қызмет көрсетілді. Тұрғындарға үйден шықпай-ақ “egov.kz” электронды порталы  және “egov mobile” қосымшасы арқылы оңай және тез қызмет алу жолдары түсіндірілді.

Қамтылған адам саны-9

«Жетібай ауылы әкімінің аппараты» ММ-сі, Egov.kz порталы арқылы  Баланың туу туралы куәлігін алу қызметі бойынша түсіндіру туралы әлеуметтік желі (Facebook.com) парақшасында 1 видеоролик жарияланды. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=946927916130587&id=100024401611390

«Мұнайшы ауылы әкімі аппараты» ММ-сіэлектрондық қызмет көрсету бойынша тұрғындардың қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы арқылы 2021 жылдың мамыр айында әкімдік қызметкерлері e.gov порталы арқылы ауылымыздың 13 тұрғынына 6 қызмет түрі көрсетілді.

Аталған қызметтердің ішінде:

Жұмыссыз ретінде тіркелгендігі туралы анықтама-1

Соттылығы болуы не болмауы туралы анықтама-6

Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау жөнінде-4

Зейнетақы аударымдары туралы анықтама-1

Психоневрологиялық ұйымнан анықтама – 5

Наркологиялық ұйымнан анықтама-5

барлығы-22.

Қамтылған адам саны - 13.

Тұрғындарды қабылдау кезінде тұрғындарға кезекте тұрмай-ақ тез алу, үйден шықпай-ақ кез келген уақытта ұялы телефонға egov-mobile қосымшасын жүктеу арқылы ЭЦҚ кілтін алуға болатындығы түсіндірілді.

Ағымдағы жылдың 24 мамырында «Құрық  ауылы  әкімінің  аппараты» ММ-сі тұрғындарға «Өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы»  арқылы және «egov mobile» қосымшасымен ЭЦҚ кілтін, Зейнетақы аударымын білу, Үй иесі өз үйінде тіркелген артық адамды тіркеуден қалай шығаратыны, Баланың тууын тіркеуді және балалы болғанда бір жолғы жәрдемақыға және бір жылдық жәрдем ақысына қалай тапсыратынын  үйде отырып алу жолдарын көрсетіп, түсіндіру жұмыстары өткізді.

Қамтылған адам саны - 65.

Ағымдағы жылдың 05 мамырында«Құрық ауылы әкімі аппараты» ММ-сі Мемлекеттік қызметтер көрсету үдерісін мейлінше оңтайландыруды, құжаттарды қараудың мерзімі мен тізбесін қысқартуды, қайталанатын рәсімдерді жоюды және адамның өзінің баруын қажетсінбейтін  ақпараттық  мәліметтерді толық электрондық форматқа көшірумен қатар тұрғындармен ашық мақсатта жұмыс жасауды ұйымдастыру мақсатында түсірдіру шарасын өткізді.

Қамтылған адам саны - 5.

«Құрық ауылы әкімінің аппараты» ММ-сі(Facebook.com) әлеуметтік желіге  орналасқан өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы бойынша электрондық өтініштер қалай берілетіні туралы қысқаша видеоролик шығарылды.

Сонымен қатар,  Ұялы телефон арқылы  ЭЦҚ кілтін, Зейнетақы аударымы туралы анықтама алу, Ұялы телефон нөмерін Мобильді үкімет базасына тіркеу, қалай алуға болатыны туралы барлығы 1 мақала жарияланды.

https://www.facebook.com/100014702552904/posts/1095637794269629/?d=n

"Қарақия аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік қызметтің ішіндегі қарқынды жұмыс жүріп тұрған қызметтердің бірі ол тұрғын үй кезегіне алу. Осыған байланысты  қаңтар айында «egov» электрондық портал арқылы тұрғын үй кезегіне (өз өзіне қызмет көрсету арқылы 3 тұрғынға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп қызмет қабылданды.

Қамтылған адам саны - 5

Дата публикации
17 июня 2021