Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 55 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 19 наурызда № 10516 тіркелді.
Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 09.12.2015 № 706 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 5-бабының 69) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 15.04.2020 № 143 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидалары;
2) алып тасталды - ҚР Энергетика министрінің м.а. 09.12.2015 № 706 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің м.а. 09.12.2015 № 706 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында жариялануын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасының |
В. Школьник |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
____________ Е. Досаев
2015 жылғы 13 ақпан
|
|
Қазақстан Республикасы |
Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидалары
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 30.12.2020 № 470 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1) әзірлік паспорты – энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігін растайтын, жыл сайын берілетін құжат;
2) жүйелiк оператор – орталықтандырылған оралымды-диспетчерлiк басқаруды, басқа мемлекеттердiң энергия жүйелерiмен қатарлас жұмыс iстеудi қамтамасыз етудi, энергия жүйесiндегi теңгерiмдi ұстап тұруды, жүйелiк қызметтер көрсетудi және электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектiлерiнен қосалқы көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуды, сондай-ақ электр энергиясын ұлттық электр желiсi бойынша берудi, оған техникалық қызмет көрсетудi және оны пайдалану әзiрлiгiнде ұстап тұруды жүзеге асыратын ұлттық компания;
3) күзгі-қысқы кезең – басталуы мен аяқталуын жергілікті атқарушы органдар белгілейтін жылыту маусымы;
4) энергия беруші ұйым – шарттар негізінде электр немесе жылу энергиясын беру жөніндегі қызметті көрсететін ұйым;
5) энергия өндіруші ұйым – электр және (немесе) жылу энергиясын өз қажеттіліктері және (немесе) өткізу үшін өндіруді жүзеге асыратын ұйым.
Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамасына сәйкес қолданылады.
2-тарау. Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу тәртібі
1) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа Әзірлік паспортын алуға өтініші;
2) осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік актісі (бұдан әрі – Әзірлік актісі);
3) осы Қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа Әзірлік паспортын алу үшін шарттардың орындалуын растайтын құжаттар тізімі;
4) станциялардың, электр және жылу желілерінің негізгі және қосалқы жабдығының техникалық жай-күйі, сондай-ақ тұтынушыларға жылу және электр энергиясын беруді қамтамасыз етуге ұйымдардың алдағы күзгі-қысқы кезеңге әзірлігі туралы энергетикалық сараптаманы жүзеге асыратын сарапшы ұйымның қорытындысы.
Осы тармақта көрсетілген құжаттарды Портал арқылы берген кезде олардың электрондық көшірмелері қоса беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушының комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды, кемінде 5 (бес) адамды құрайды.
Көрсетілетін қызметті алушының комиссия құрамына Көрсетілетін қызметті алушының жауапты лауазымды адамдары, Жергілікті атқарушы органның және мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi мемлекеттiк органның немесе оның аумақтық бөлімшелерінің өкілдері Заңмен белгіленген құзыреті бойынша кіреді.
Комиссия жұмысына ашықтықты және әділдікті қамтамасыз ету үшін Әзірлік актісін дайындау үшін дауыс беру құқығы жоқ бақылаушылар шақырылады. Бақылаушылар ретінде қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдар), коммерциялық ұйымдардың, саяси партиялардың өкілдері комиссияның отырысына қатыса алады.
Көрсетілетін қызметті алушы комиссиясының жекелеген мүшелері келіспеген кезде Әзірлік актісіне "ерекше пікірмен" қол қойылады.
Көрсетілетін қызметті алушы комиссиясының ерекше пікірі Әзірлік актісіне қоса беріледі және оның ажырамас бөлігі болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушының күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігін бағалау кезінде Көрсетілетін қызметті алушының комиссиясы анықтаған кемшіліктер Әзірлік актісінде көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды Портал арқылы берген кезде Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебесі көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшесінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын айқындайды.
2 (екі) жұмыс күні ішінде жауапты орындаушы құжаттарды қарайды және толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысаны бойынша одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапты Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жібереді.
Құжаттар топтамасы толық ұсынылған жағдайда Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушы 7 (жеті) жұмыс күні ішінде Көрсетілетін қызметті алушының Әзірлік паспортын беру үшін осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігіне және осы Қағидалардың 29-тармағында көзделген Әзірлік паспортын беруге бас тарту үшін негіздердің бар болуына талдауды жүзеге асырады, тиісті қорытынды жасайды және осы қорытындыны Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысына келісуге енгізеді.
Жауаты орындаушының қорытындысын құрылымдық бөлімшесінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде келіседі және осы қорытынды көрсетілетін қызметті берушінің энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алуға өтініштерін қарау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті берушінің комиссиясы) қарауына енгізеледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің комиссиясы осы қорытындыны және ұсынылған құжаттарды аптасына кемінде бір рет қарайды.
Көрсетілетін қызметті беруші комиссиясының хатшысы Көрсетілетін қызметті беруші комиссиясының жұмысын ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның мүшесі болып табылмайды және дауыс беру құқығы жоқ.
Көрсетілетін қызметті беруші комиссиясының жұмысына ашықтықты және әділдікті қамтамасыз ету үшін Көрсетілетін қызметті беруші комиссиясының отырысына дауыс беру құқығы жоқ бақылаушылар шақырылады. Бақылаушылар ретінде қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдар), коммерциялық ұйымдардың, саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және мемлекеттік бақылау жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері комиссияның отырысына қатыса алады.
Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi мемлекеттiк орган құратын Көрсетілетін қызметті беруші комиссиясының төрағасы болып мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органның жауапты адамы тағайындалады.
Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi мемлекеттiк органның аумақтық бөлімшесі құратын Көрсетілетін қызметті беруші комиссиясының төрағасы болып мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi мемлекеттiк органның аумақтық бөлімшесінің жауапты адамы тағайындалады.
Көрсетілетін қызметті берушінің комиссия мүшелерінің мүдделер қақтығысы немесе оның туындау мүмкіндігі "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес реттеледі.
Көрсетілетін қызметті беруші комиссия отырысының барысы хаттама түрінде ресімделеді, онда Көрсетілетін қызметті беруші комиссиясының шешімі ресімделеді, сондай-ақ техникалық жазба құралдарының көмегімен тіркеледі.
Көрсетілетін қызметті беруші комиссиясының техникалық құралдарды қолданғаны туралы Көрсетілетін қызметті беруші комиссиясы отырысының хаттамасында белгі қойылады.
Техникалық жазба құралдарының көмегімен тіркелген материалдар отырыс аяқталған сәттен бастап бір жыл ішінде Көрсетілетін қызметті берушінің комиссия хатшысында сақталады.
Көпшілік шешімімен келіспеген Көрсетілетін қызметті берушінің комиссия мүшесі өзінің "ерекше пікірін" жазбаша түрде баяндайды, ол Көрсетілетін қызметті берушінің комиссия отырысының хаттамасына қоса тіркеледі.
1) Әзірлік паспорты берілсін;
2) Әзірлік паспорты ескертулермен берілсін;
3) Әзірлік паспорты берілмесін.
Әзірлік паспорты алдағы күзгі-қысқы кезеңде қолданылады.
Ескертулер оларды келесі жылдың 1 (бірінші) қаңтарына дейінгі мерзімде жою үшін белгіленіп беріледі.
Берілген ескертулерді орындау туралы ақпаратты Көрсетілетін қызметті алушы Көрсетілетін қызметті берушіге ескертулерді орындау мерзімі өткен күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады.
Көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы 1 (бір) жұмыс күні ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қояды.
Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 3 (үш) жұмыс күні ішінде Әзірлік паспортын берген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін электрондық құжат нысанында Көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жолдайды. Әзірлік паспортын беруден бас тарту жағдайында Көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес дәлелді бас тарту береді.
1) Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) Көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде түседі.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңның 25-бабы 2-тармағына сәйкес Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен Көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңның 25-бабы 2-тармағына сәйкес Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен Көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
|
|
Энергия өндіруші, энергия |
|
|
Нысан |
____________________________________________________________________ (паспорт берген мемлекеттік органның толық атауы)
Энергия өндіруші ұйымдардың _________ жылдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспорты
№_________________ _________________ қаласы
"____" __________20___ жыл (паспорт жасалған жер)
(паспорттың нөмірі және берілген күні
Осы паспорт _______________________________________________________ берілді.
(ұйымның заңды атауы)
____________________ _______________________
(басшының лауазымы) (басшының Тегі, Аты, Әкесінің аты
(бар болған жағдайда)
|
|
Энергия өндіруші, энергия |
|
|
Нысан |
____________________________________________________________________ (паспорт берген мемлекеттік органның толық атауы)
Энергия беруші ұйымдардың _________ жылдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспорты
№_________________ _________________ қаласы
"____" ____________20___ жыл (паспорт жасалған жер)
(паспорттың нөмірі және берілген күні)
Осы паспорт _______________________________________________________ берілді.
(ұйымның заңды атауы)
____________________ _______________________
(басшының лауазымы) (басшының Тегі, Аты, Әкесінің аты
(бар болған жағдайда))
|
|
Энергия өндіруші, энергия |
|
|
Нысан |
____________________________________________________________________ (паспорт берген мемлекеттік органның толық атауы)
Энергия өндіруші ұйымдардың _________ жылдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспорты ескертулермен
№_________________ ___________________ қаласы
"____" ____________20___ жыл (паспорт жасалған жер)
(паспорттың нөмірі және берілген күні)
Осы паспорт _______________________________________________________ берілді.
(ұйымның заңды атауы)
____________________ _______________________
(басшының лауазымы) (басшының Тегі, Аты, Әкесінің аты
(бар болған жағдайда))
|
|
Энергия өндіруші, энергия |
|
|
Нысан |
____________________________________________________________________ (паспорт берген мемлекеттік органның толық атауы)
Энергия беруші ұйымдардың _________ жылдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспорты ескертулермен
№_________________ ___________________ қаласы
"____" ____________20___ жыл (паспорт жасалған жер)
(паспорттың нөмірі және берілген күні)
Осы паспорт _______________________________________________________ берілді.
(ұйымның заңды атауы)
____________________ _______________________
(басшының лауазымы) (басшының Тегі, Аты, Әкесінің аты
(бар болған жағдайда))
|
|
Энергия өндіруші, энергия |
"Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
|
1. |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстық маңызы бар аудандар мен қалалардың жергілікті атқарушы органдары. |
|
|
|
2. |
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері |
"электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – Портал). |
|
|
|
3. |
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
15 (он бес) жұмыс күн. |
|
|
|
4. |
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны |
Электрондық түрінде. |
|
|
|
5. |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспорты; |
|
|
|
6. |
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде Көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. |
|
|
|
7. |
Көрсетілетін қызметті берушінің, "электрондық үкімет" веб-порталының жұмыс графигі |
Жұмыс графигі: |
|
|
|
8. |
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі: |
|
|
|
9. |
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
|
|
|
10. |
Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
1) электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті Портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар; |
|
|
|
|
Энергия өндіруші, энергия |
|||
|
|
Нысан |
|||
|
|
__________________ |
|||
Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алуға өтініш
_______________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы) __________________________________________________________________
(Бизнес сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу)
туралыанықтаманың нөмірі және күні)
Заңды тұлғаның және оның энергия объектісінің орналасқан жері:
Пошталық мекенжайы:_____________________________________
Телефон нөмірлері: ________________________________________
E-maіl: __________________________________________________
Факс:____________________________________________________
Қоса беріліп отырған құжаттар тізбесі:
6. ___________
Ұйымның басшысы_________________________________________
(лауазымы, Тегі, Аты, Әкесінің аты
(бар болған жағдайда)
20__ жылғы "___" ______________
|
|
Энергия өндіруші, энергия |
|
|
Нысан |
Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың __________ жылдардағы күзгі- қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік актісі
________________________ _______________________
(акт жасалған жер) (күні)
_____________________________________________________________________
(ұйымның атауы)
_______________________ № ____________ бұйрығымен тағайындалған комиссия.
_____________________________________________________________________
(энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу үшін шарттардың орындалғаны, орындалмағаны көрсетіледі)
Тұжырым: ____________________________________________________________
(ұйым күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзір - әзір емес)
|
Комиссия төрағасы: |
__________ |
___________________ |
__________________ |
|
|
|
Комиссия төрағасының орынбасары: |
__________ |
____________________ |
(Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болған жағдайда)) |
|
|
|
Комиссия мүшелері: |
__________ |
___________________ |
(Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болған жағдайда)) |
|
|
|
|
__________ |
___________________ |
__________________ |
|
|
|
|
__________ |
___________________ (қолы) |
__________________ (Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болған жағдайда)) |
|
|
|
|
Энергия өндіруші, энергия |
||||
Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу үшін шарттардың орындалуын растайтын құжаттар тізімі
1) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 11 ақпандағы № 73 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10451 болып тіркелген) Электр станцияларының, жылу және электр желілерінің жабдықтарына, ғимараттары мен құрылыстарына техникалық қызмет көрсетуді және оларды жөндеуді ұйымдастыру қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық кезінде "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес Жүйелік оператордың келісімімен күрделі және кеңейтілген ағымдағы жөндеуден өткен негізгі жабдықтардың техникалық жай-күйінің параметрі ведомосының көшірмелері;
2) алдағы күзгі-қысқы кезеңге негізгі, резервті, авариялық және жағатын отынды жеткізуге арналған шарттардың көшірмелері (өз отынын пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдарды қоспағанда);
3) сыртқы ауаның төмен температурасы жағдайларында жабдықтың, технологиялық схемалар мен құрылыстардың ақауларының алдын алу бойынша жоспарланған іс-шаралардың толық көлемде орындалуы туралы акт;
4) энергия өндіруші ұйымның жүктемелер (электр, жылу) графигін орындауға әзірлік актісі, яғни жұмыс пен резервте қажетті негізгі жабдық құрамының болуы;
5) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 22 сәуірдегі № 172 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерде мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14033 болып тіркелген) Энергия өндіруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңде пайдаланатын отын қорының нормаларына сәйкес қоймада негізгі, резервті, авариялық және жағатын отын қорының болуы туралы анықтама;
6) өрт сөндіру және өрт сигнал беру жүйелерінің күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік актісі;
7) автоматика және релелік қорғаныс құрылғыларының, ғимараттар мен құрылыстардың, диспетчерлік және технологиялық басқару құралдарының күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік актісі;
8) күл үйінділерінің қалған сыйымдылығын күзгі комиссиялық қарап-тексеру жүргізу туралы актісі.
1) Қағидаларға сәйкес алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық кезінде "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес Жүйелік оператордың келісімімен күрделі және кеңейтілген ағымдағы жөндеуден өткен негізгі жабдықтардың техникалық жай-күйінің параметрі ведомосының көшірмелері;
2) сыртқы ауаның төмен температурасы жағдайларында жабдықтың, технологиялық схемалар мен құрылыстардың ақауларын алдын алу бойынша жоспарланған іс-шаралардың толық көлемде орындалуы туралы акт;
3) өрт сөндіру және өрт сигнал беру жүйелерінің күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік актісі;
4) автоматика және релелік қорғаныс құрылғыларының, ғимараттар мен құрылыстардың, диспетчерлік және технологиялық басқару құралдарының күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік актісі;
5) гидроқұрылыстарға (бар болған жағдайда) күзгі комиссиялық қарап- тексеру жүргізу туралы акт.
1) Қағидаларға сәйкес алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық кезінде күрделі жөндеуден өткен электр беру желілері мен қосалқы станцияның негізгі жабдықтарының техникалық жай-күйінің параметрі ведомосының көшірмелері;
2) электр жүктемелері графигін орындауға әзірлік туралы акті, яғни жұмыста және резервте жүктемелер графигін орындау және электр беру желілері мен трансформаторлардың өткізу қабілеті шегінде электр энергиясы мен қуатты беру үшін қажетті жабдық құрамының болуы, күзгі-қысқы кезеңде 10-110 кВ бойынша режимдік (қалыпты) схемалар, ағымдағы жылдың жазғы бақылау күндеріне және режимдік схема кезінде өткен жылдың қысқы бақылау күндеріне жүктемелерді өлшеулер;
3) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 230 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10851 болып тіркелген) Электр қондырғыларын орнату қағидаларына және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 6 қаңтардағы № 2 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15045 болып тіркелген) электр энергетикасы саласындағы нормативтік техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес көлемде және мерзімдерде электр желілерінің жабдығына сынақтар жүргізу туралы акті;
4) релелік қорғау және автоматика, аварияға қарсы автоматика құрылғыларына толық көлемде техникалық қызмет көрсетуді орындау туралы актілер, ғимараттар мен құрылыстардың, байланыс құралдарының, диспетчерлік және технологиялық басқару құрылғыларының, бар болған жағдайда электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің әзірлігі (актілердің көшірмелері);
5) энергия көздері қуатының тапшылығы туындаған кезде, сондай-ақ электр желілеріндегі авариялық жағдайда тұтынушыларды шектеу (веерлі ажыратулар) графиктерінің көшірмелері;
6) пайдалануға енгізу және техникалық жай-күйін бағалау жылын көрсете отырып, графиктер мен кезеңділікке сәйкес жұмыс комиссияларында техникалық куәландырудан өткен энергия кәсіпорындарының жабдығы, электр қондырғылары, әуе желілері, кабельді желілері, релелік қорғау және автоматика құрылғылары, ғимараттар мен құрылыстардың тізбесі;
7) аварияға қарсы, өртке қарсы өткізілген жаттығулар туралы актілер (жүргізілген жаттығулар тақырыптамалары мен персоналдың іс-қимылын бағалау);
8) жедел-көшпелі және желілік бригадалардың көлік құралдарымен және байланыс құралдарымен қамтамасыз етілгендігі туралы актісі.
1) электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және техникалық актілерге сәйкес келетін көлемде және сапада негізгі және қосалқы жабдыққа жоспарлы жөндеудің орындалуы туралы акті;
2) сыртқы ауаның төмен температурасы жағдайларында жабдықтың, технологиялық схемалар және құрылыстардың ақауларының алдын алу бойынша жоспарланған іс-шаралардың толық көлемде орындалуы туралы акті;
3) өрт сөндіру және өрт сигнал беру жүйелерінің күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік актісі;
4) ғимараттар мен құрылыстардың, диспетчерлік және технологиялық басқару құралдарының күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік актісі;
5) жылу беретін ұйымдардың аталған жерді жылыту үшін сыртқы ауаның есептік температурасына жылу желілері мен жылу көздерінің жылу желілері жұмысының температуралық графиктерін орындауға әзірлігін қамтамасыз ету жөніндегі актісі.
|
|
Энергия өндіруші, энергия |
|||
|
|
Нысан |
|||
|
[УО-ның мемлекеттік тілдегі |
|
[УО-ның мемлекеттік тілдегі |
|
|
Өтінішті одан әрі қараудан/мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту
[Уәкілетті органның атауы], Сіздің [күні] [өтініш нөмірі] тіркелген өтінішіңізді қарап келесіні хабарлайды.
[Хат мәтіні]
[Қол қоюшының лауазымы] [Қол қоюшының Тегі, Аты, Әкесінің аты, (бар болған жағдайда)]
|
|
Энергия өндіруші, энергия |
|||
|
|
Нысан |
|||
|
[УО-ның мемлекеттік тілдегі |
|
[УО-ның мемлекеттік тілдегі |
|
|
Дәлелді бас тарту
[Уәкілетті органның атауы], Сіздің [күні] [өтініш нөмірі] тіркелген өтінішіңізді қарап келесіні хабарлайды.
[Хат мәтіні]
[Қол қоюшының лауазымы] [Қол қоюшының Тегі, Аты, Әкесінің аты, (бар болған жағдайда)]
|
|
Қазақстан Республикасы |
|
|
Нысан |
Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың _________ жж.
күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігі паспорты
Ескерту. Алып тасталды - ҚР Энергетика министрінің м.а. 09.12.2015 № 706 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат инс