Аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің 2020 жылы атқарған жұмыстарының есебі

Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 2,9 млрд теңгені құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанды 88,6 пайыз. (2019 жылы 2966,7 млн. тг)

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, былтырғы жылдың есептік кезеңімен салыстырғанда:

мүйізді ірі қара малы 5,7 %-ға                             2435 бас   

қой – ешкі 7,0 %-ға                                                 54 360 бас

жылқы 10,2%-ға                                                      11 568 бас

түйе 7,1 % -ға өсті                                                    11 718 бас

құс 9,3% -ға артты                                                     4 100 бас

 2020 жылы тапсырылған ет өнімі – 1,5 мың тонна (2019-1 559,9тонна), сүт 834 тонна (2019-833,8 тонна), 230 100 дана (2019-236 100 дана) жұмыртқа өндірілді.

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту,мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттырубарысында 2020 жылы «Сенек» ЖШС-не 13,4 млн теңге субсидия төленді.

Сонымен бірге 2 шаруа қожалығы асыл тұқымды мал өсіргені үшін 3,1 млн. теңге көлемінде субсидия алды.

Аудан аумағынан балық аулауға рұқсат алған6 жеке кәсіпкер 377 тонна балық аулады (2019ж. 312,6 тонна).

Бүгінгі күні аудан бойынша 595 шаруа қожалығы тіркелген, оның 41 егін шаруашылығы.2020 жылы 127,0 га жерге егін егіліп, 4610 тонна өнім алынды.

Аталған шаруа қожалықтары минералды тыңайтқыштарды пайдаланғаны үшін 50 пайыз жеңілдік субсидиясын алды.

2020 жылы 6 жылыжай іске қосылып, бүгінгі таңда көлемі 2,9 гектар құрайтын 17фермерлік жылыжай жұмыс жасап тұр, (Соның ішінде белсенді жұмыс жасап тұрған9 фермерлік жылыжай)

Олардан132 тонна өнім алынды(былтыр 11 жылыжайдан 85 тонна  өнім).

2021 жылы 1 гектаржерге фермерлік жылыжайларды іске қосуды жоспарлап отырмыз.

Сонымен қатар, 2021 жылы Жетібай мен Мұнайшы ауылдарындағы шаруа қожалықтары мен тұрғындардың сонғы жылдардағы өтініштеріне орай, аталған ауылдардың батыс жағынан су құдығын қазуды қолға алып отырмыз. Оған бастапқы 5,0 млн. теңге қаралып, мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланды.Сонымен қатар, мал азығын дайындауға 6 кәсіпкерге рұқсат беріліп, 3,5 мың тонна шөп шабылды, 4,0 мың тонна жем азығы тасымалданып, алынды.

Сондай-ақ, «Кендірлі-Қаясан» табиғи қорығы аумағынан 1 кәсіпкер шөп шабуға рұқсат алып, 5500 түк шөп шауып, Сенек, Бостан, Құланды ауылдарына 800 теңгеде сатылды. Жайылымды суландыру мақсатында «Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында 2020 жылы 112,5 млн теңгеге 20 құдық қаздырылды, құдық қаздырған шаруа қожалық иелері 81,3 млн теңгенің жеңілдігін пайдаланды. /мысалы 1 құдықты қаздыртуға 5,1 млн қаражат жұмсалады, оның 80 пайызы субсидия арқылы кейін қайтарылады, яғни 4,0 млн теңге мемлекет есебіненөтеледі.(2019 жылы 58 құдық қаздырылды). Сондай-ақ, 120,6 млн теңгеге күннен электр энергия алу панелдері сатып алынып, оның 96,4 млн теңгесі субсидияланды.

Аудан бойынша «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның облыстық филиалынан «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 8 шаруа қожылығы 228 млн теңгеге 83 бас түйе, 125 бас жылқы, 100 бас сиыр сатып алды. («Абзал», «Қазақпромстрой», Оңайбай», «Айпан», «Қ. Аманов», «Балауса», «Арыстан», «Шаруашылық»)

Сонымен қатар «Іскер» бағдарламасы бойынша 8 ш/қ 132,2 млн теңгеге 285 бас жылқы, 23 бас түйе сатып алды. («Байбол», «Ж. Бекмағанбетова», «Асылбекова», «Иманғали», «Анапина», «Қызылғұлов», «Оңғаева», «Сейітов») «Сыбаға» бағдарламасы аясында екі шаруа қожалығы18 млн теңге несие рәсімдеп 360 бас қой сатып алды.

«Қызылқұм» мүйісіндегі егін шаруалардың сұранысына орай,электр қуатын арттыру бағытында «МРЭК» АҚ-ның қолдауымен Құрық портынан бастау алатын 8 шақырымдық электр желісі жүргізілді. Жоба құны 75,0 млн теңге. 2020 жылы ветеринариялық шаралар жоспарғасәйкес толық жүргізілді. Соның ішінде барлығы 6 890 бас жылқы чиптелді. Аудан бойынша 1,3 млн теңгеге 869 иесіз бұралқы иттер жойылды. Аталған жұмыстар 2021 жылы да өз жалғасын табатын болады.

Дата публикации
02 марта 2021