Әлеуметтік сала бойынша Атаулы әлеуметтік көмек көрсету бағытында 2020 жылы ауданда аз қамтылған 382 отбасына (2206 адам) 177,8 млн.теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.
Сондай-ақ, олардың 1-6 жасқа дейінгі 375 баласына 20,4 млн теңге көлемінде кепілдендірілен әлеуметтік топтама берілді.
Жәрдемақы алушы 1856 көп балалы аналарға 1,1 млрд. теңге көлемінде қаражат жұмсалды. /айына 44 532 теңге/
2020 жылы аз қамтылған 199 отбасыға жылына бір реттік әлеуметтік көмек ретінде 8,8 млн. теңге жұмсалды.
Асыраушысынан айырылған 340 балаға 13,9 млн. теңге көлемінде әлеуметтік көмек берілді.
Мүмкіндігі шектеулі ересектер мен мүгедек балаларды емдеу - сауықтыру шараларымен қамтамасыз ету мақсатында «Маңғыстау облыстық мүгедектерді оңалту орталығында» - 11 азамат сауықтыру емін алса, Алматы қаласындағы «Самал» санаториялық-курортық сауықтыру орнына 40 адам демалып келді. КОВИД-19 жағдайына байланысты, биылғы жылы санаториялық-курорттық сауықтыру орындарына жолданғандар саны азайып отыр.
2020 жылы Туберкулез ауруына шалдыққан 48 адамға 4,9 млн. теңге, онкологиямен ауыратын 74 адамға 5,2 млн теңге көлемінде әлеуметтік көмек берілді.
Аудан әкімінің гранты бойынша әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын осал топтарға жататын отбасының жоғарғы оқу орнында оқып жатқан 20 студенттің оқу ақысына 11,8 млн теңге, 31 студенттің шәкіртақысына 4,3 млн теңге қаражат жұмсалды.
Сонымен қатар, «Төтенше жағдай кезінде коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің шығындарын өтеу» қағидасына сәйкес әлеуметтік қолдауға мұқтаждар санатындағы 2736 азаматтың коммуналдық шығындарын өтеуге 81,2 млн теңге жұмсалды.
Қарақия ауданы бойынша, «КОВИД-19» кезінде табысынан айырылған 6498 адамға 42500 теңгеден жәрдемақы төленді.
Сондай-ақ, «Біз біргеміз» акциясы аясында әлеуметтік аз қамтылған 1089 адамға 50 мың теңгеден әлеуметтік жәрдемақы берілді.
2020 жылыәлеуметтік саладағы 2011 қызметкерге 24,3 млн теңге көлемінде отынпұл көмегі берілді. 2021 жылы 2050 адамға беруді жоспарлап отырмыз.
«Дипломмен ауылға бағдарламасы» бойынша 2020 жылы 278,4 млн теңге бөлініп, 67 маман тұрғын үй сатып алды. 96 маманға біржолғы көтерме жәрдемақыға 16,1 млн теңге жұмсалды.
2021 жылға тұрғын үй сатып алу үшін 40 маманға - 173,3 млн.тг, көтерме жәрдемақы үшін 70 маманға 20,4 млн тг қаралды. 2020 жылы 2003 жаңа жұмыс орындары құрылды, оның ішінде тұрақты жұмыс орындары – 1535, уақытша жұмыс орындары – 468 (2019 жылы - 2 662 жұмыс орны ашылған). 2020 жылы жалпы жұмыс іздеп хабарласқандардың саны 3103 адам. Оның ішінде 2557 адам әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылды. Атап айтсам, 1 036 адам тұрақты жұмысқа,
369 адам ақылы қоғамдық жұмысқа,
116 адам әлеуметтік жұмыс орындарына,
130 адам жастар практикасына,
60 қайтарымсыз грант алғандар,
143 адам кәсіпкерлік негіздері оқуына жолданды,10 адам қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жолданып, сертификаттарын алды. Сонымен қатар, «Жұмыспен қамтудың жол картасы»бағдарламасы аясында 649 адам уақытша жұмыспен қамтылды. «Теңізшевройл» компаниясының қолдауымен 45 азамат құрылыс мамандықтары (сварщик, монтажник, электрик, стропальщик) бойынша қайта даярлау курстарына жолданып, 31 азамат оқуларын аяқтап, 14-і жалғастыруда.Сонымен бірге, биылғы жылы бюджет есебінен 40 жуық жұмыссыз азаматтардыоқытуға 5,5 млн теңге қаралып отыр.
Жалпы, 2021 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 684 адам жұмыссыз болып тіркеуде қалды. Жалпы жұмыссыздық деңгейі 5,1 пайызды құрады. Оның ішінде жастар саны 231. Олардың ішінде: жұмыстан шығуына байланысты әлеуметтік көмек алушылар - 288 адам, қалған 396 адам (2,0%) нақты жұмыс іздеушілер. 2021 жылы ауданда жүзеге асатын инвестициялық жобалардың есебінен 1 500-ге жуық жаңа жұмыс орындары құрылады деп күтілуде. («Самтыр» кен орнын игеру, «Бозжыра шатқалында» туристік нысандар салу мен «Құрық-Жетібай» автомобиль жолының қайта құрылымдау жұмыстары). Бүгінгі таңда ауданда 57 бос жұмыс орындары бар. Олардың басым көпшілігі мұғалімдер.Жетібай ауылындағы «Жанарыс» ЖШС 200 орындық тігін цехында 31 адам жұмыс жасайды.