Қарақия ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 255 «Қарақия ауданы аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын және маршруттарын айқындау және бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңына сәйкес, Қарақия ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қарақия ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 255 «Қарақия ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын және маршруттарын айқындау және бекіту туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4380 болып тіркелген, 2020 жылғы 21 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

         Көрсетілген қаулының 1 қосымшасында:

         1)9 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

Құланды ауылдық округінің Құланды ауылы

9

М.Өскінбайұлы көшесі, «Тұлпар» азық-түлік дүкені мен Маңғыстау облысының білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің «Аружан» бөбекжайы» жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының аралығы

120 м2

5 жылға дейін

Ауыл шаруашылық өнімі

жоқ

Автодүкендер немесе шатырлардан

6

     2) қаулының 1,2 қосымшасы осы қаулының 1,2 қосымшасына сәйкес 13 тармақпен толықтырылсын.

  1. 2. «Қарақия аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Ә.Әбдіхалықова) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылауды аудан әкімінің орынбасары С.Төретаевқа жүктелсін.
  3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі                                                              Қ. Беков

 

Қарақия ауданы әкімдігінің

қаулысына 1 қосымша

Қарақия ауданының  аумағында  стационарлық емес сауда  объектілерін орналастыру орындары

№

Орналасу орны

Алатын алаңы (шаршы метр м2)

Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі

Қызмет саласы

Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері)

Стационарлық емес сауда объектілерінің түрі

Стационарлық емес сауда орындарының саны

 

Құрық ауылы

1

№3 шағын ауданындағы «Тәттім» дүкенінің оңтүстік жағынан 3 метр

40 м2

5 жылға дейін

Ауыл шаруашылық өнімі

иә

Автодүкендер немесе шатырлардан

2

 

 

 

 

 

Дата публикации
08 апреля 2021